Accessibility links

Ауған полициясы "10 жасар жанкешті" оқиғасын тексеріп жатыр


10 жасар Спожмай. Ауғанстан, 6 қаңтар 2014 жыл.

10 жасар Спожмай. Ауғанстан, 6 қаңтар 2014 жыл.

Ауғанстан билігі қарындасына жарылғыш зат байлап, жанкештілік жарылыс жасауға мәжбүрледі деген айыппен "Талибан" сарбазын іздестіріп жатыр.

10 жасар Спожмайды елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясы полициясы 5 қаңтар күні Ханашин ауданында ұстаған.

Спожмай ағасы Захир мен оның досы Жабардың жарылғыш зат салынған кеудешені зорлықпен кигізгенін айтты.

- Маған өзеннен өткен соң киесің деп қара киім берді. Судан өт деп, мені түнде өзенге алып келді. Бірақ су суық болғандықтан өте алмадым. Туыстарым бұл оқиға жайлы білді. Олар мені үйге әкеліп, кеудешені шешіп алды, - дейді ол.

Спожмай әкесі сабаған соң басқа жаққа барып түнегенін, өгей шешесімен тіл табыса алмайтынын да айтты.

Провинция губернаторының баспасөз хатшысы Омар Зувактың Азаттыққа мәлімдеуінше, полиция кішкентай қыздың "Талибан" жасағы басшысы" деп сипаттаған ағасын іздеп, оқиғаны тексеріп жатыр.

- "Талибанның" екі командирі Спажмайға жарылғыш зат салынған кеудеше кигізіп, полиция базасын жарғызбақ болған. Ол екі адамның бірі - ағасы. Бұл күнәсіз бала оны жасай алмаған. Ешбір дін мұндай істі мақұлдамайды, - дейді Гильменд провинциясы орталығы Лашкаргахтағы шекаралық полиция қызметі басшысы Хамидулла Седик.

Ауған соғысы кезінде кейде ер балаларды жанкешті ретінде жұмсаған, бірақ қыз баланы ондай іске тартқан оқиға сирек.

Сарапшылардың айтуынша, содырлар "тексеру пунктерінен оңай өтеді" деп, балаларды жанкешті ретінде пайдаланып жатыр.

Ал "Талибан" өкілдері ауған үкіметі мен НАТО-ға қарсы соғыста әскери операцияға балаларды кірістірмейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG