Accessibility links

Карзайдың кандидаттарға ықпалы сөз болды


Ауғанстанда президенті Хамид Карзай. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.

Ауғанстанда президенті Хамид Карзай. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.

Ауғанстанда президент сайлауы науқанына бір айдай ғана уақыт қалды. «Карзай ресми биліктен кетсе де, ықпалын жоғалтпайды» дейді сарапшылар.

Ауғанстан конституциясы президент сайлауына екі мерзімнен артық түсуге тыйым салады. Алайда президент Хамид Карзай 5 сәуірде жаңа президент сайланғаннан кейін де саясатта маңызды ықпал иесі болып қала беретінін жасырған емес.

Вашингтондағы Карнеги халықаралық бейбітшілік қорының аға ғылыми қызметкері Сара Чейздің сөзінше, Ауғанстанда президент сайлауына қатыспақ болып жатқан 11 үміткердің кемінде үшеуі – Залмай Расул, Абдул Расул Сайяф және Қаюм Карзай – Хамид Карзайдың адамдары. «Жарыстың белгілі бір кезеңінде осы үшеуінің бірі алға шығады да, қалған екеуі сол үміткерге қолдау көрсетеді» дейді Сара Чейз.

«ІНІСІМЕН АРАЗ» ҚАЮМ КАРЗАЙ

Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзайдың президенттікке үміткерлердің бірімен – ағасы Қаюммен жария араздығы қоғамда таңданыс тудырды. Бірақ Сара Чейз «мұның астары болуы мүмкін екенін» айтады.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында он жылдай жұмыс істеген, бірнеше жыл Қаюм Карзайдың үкіметтік емес ұйымында қызмет еткен Президенттіктен үміткер Қаюм Карзай.

Президенттіктен үміткер Қаюм Карзай.

Сара Чейздің айтуынша, «ағайынды Карзайлардың арасындағы алауыздық» – ауған президентінің сайлау стратегиясының бір бөлігі.

«Қаюм Карзайдың шын мәнінде президенттіктен үміткер екеніне сенбеймін. Оныкі – тек көзбояушылық. Хамид Карзайдың Қаюм Карзайға «сайлауға түспе» деуі шындыққа жанаспайды. Бір-біріне қарсы болғансып жүр, ал расында олардың жұбы мықты» дейді Сара Чейз.

Чейздің сөзінше, «Президент Карзай мен жақтастарына кім жеңгені маңызды емес, олар үшін ең бастысы – Ауғанстан саясатында басым позицияны сақтап қалуы».

«Жаңа Америка» қорының (New America Foundation) Орталық Азия бойынша қызметкері, Ауғанстанның Франция мен Канададағы бұрынғы елшісі Омар Самадтың пікірінше, Қаюм Карзай інісінің әкімшілігінде кеңесші және «сұр кардинал» ретінде маңызды роль атқарған. Бірақ қазір ықпалы әлсіреген, оған жеке не саяси қайшылықтар әсер еткен болуы да мүмкін.

«Қаюм Карзайдың жұртты тартар қасиеті жоқ. Оның шешендік қабілеті нашар. Пуштун тілін жетік меңгергені де күмәнді» дейді сарапшы.

«БАСҚАРУҒА ҚОЛАЙЛЫ» ЗАЛМАЙ РАСУЛ

Омар Самадтың айтуынша, ағасының қабілетіне күмәнданған Хамид Карзай сенімді кеңесшісі әрі бұрынғы сыртқы істер министрі Залмай Расулға назар Президенттікке үміткер Залмай Расул сайлау кампаниясы плакаты алдында сөйлеп тұр.

Президенттікке үміткер Залмай Расул сайлау кампаниясы плакаты алдында сөйлеп тұр.

аударған болуы керек.

«Залмай Расул – Қаюм Карзайға қарағанда сайлаушылардың әлдеқайда көп бөлігіне жағатын тұлға. Залмай Расулдан қауіп төнбейді. Ол дау тудырмайды, әрі жаулары да аз. Бастысы – оны басқару оңай» дейді Омар Самад.

Сарапшылардың пікірінше, Залмай Расул Ресейдегі Владимир Путин мен Дмитрий Медведевтің келісімі сияқты сценарийге ыңғайлы серіктес болуы мүмкін. Путин 2008 жылы үшінші мерзімге президент болып сайлануына конституциялық шектеу кедергі болғанда премьер-министр болып тағайындалып, орнына Медведевті отырғызған. Төрт жылдан соң ол екеуі орындарын ауыстырған.

«БЕН ЛАДЕНГЕ ҚАТЫСЫ БАР» САЙЯФ

Егер Залмай Расул Хамид Карзайдың ойынан шықпаса, тағы бір ыңғайлы адам Абдул Расул Сайяф болуы ықтимал. Бірақ сарапшылар Сайяфтың тәжірибесі көп екенін айтып, мұндай болжамға сеніңкіремейді.

Мысырда білім алған діни қызметкер Абдул Расул Сайяф – ең даулы әрі Президенттікке үімткер Абдул Расул Сайяф.

Президенттікке үімткер Абдул Расул Сайяф.

консервативті үміткер. Бұрынғы исламшыл қолбасшы Сайяф жайлы «ол 1980-жылдары советтік оккупация кезінде Ауғанстанға «Әл-Қаиданың» жетекші тұлғаларын (арасында Усама бен Ладен де бар) алып келді» деген пікір айтылады.

68 жастағы үміткер, діни ықпалы мықты Сайяф – бұрынғы моджахед көсемдері арасында беделді адам. Олардың көбі қазір губернатор не үкімет құрамында министр қызметтерін атқарады.

«Хамид Карзай орнына болашақ шешімдеріне қатысты стратегия құруға мүмкіндік беретін президент келгенін басқанын қалайды. Сайяф – ондай адам емес. Ол – ауған қоғамының дәстүрлі консервативті моджахед қанатының өкілі. Бұлар – маңызды сайлаушылар, бірақ өз іштерінде де бөлінеді» дейді Омар Самад.

Сайлау нәтижесі қандай болса да, Хамид Карзайдың алысқа кетпесі анық. Ол президент сарайынан екі жүз метрдей ғана әріде арнайы салынған үйге көшуге дайындалып жатыр.

Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG