Accessibility links

Тәжік-ауған шекарасында адамдар әлі де жоғалады


Тәжік-ауған шекарасында. (Көрнекі сурет)

Тәжік-ауған шекарасында. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанмен шекаралас тәжік аудандарының тұрғындары аймақта заң мен құқықтық тәртіптің мүлдем жоқтығына шағынып отыр. Олардың айтуынша, билік ахуалды жақсартуға жеткілікті күш жұмсап жатқан жоқ.


Жуырдағы Тәжікстанға келген сапары барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда көмек көрсеткені үшін, соған қоса осы елдің экономикасын қалпына келтіруге күш салғаны үшін президент Эмомали Рахмон мен Тәжікстан халқына алғысын айтты.

Тәжікстанның Шуроабад ауданының тұрғындары үшін бұл мәлімдемелердің маңызы шамалы – есірткі саудагерлері мен шекарашылар арасындағы атыстар, адамдар мен малдың ұрлануы Солдан оңға: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Душанбе, 22 қазан 2011 ж.

Солдан оңға: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Душанбе, 22 қазан 2011 ж.

қалыпты құбылыс болғалы қашан.

Шекараға жақын Дашти Джум кентінің тұрғындары аймақта нағыз заңсыздықтың орнағанына шағынады. Қару даусы ешкімді таңғалдырмайтын болды. Жастар есірткі тасымалдаумен айналысады, адамдар мен мал ұрланып, оларды ауған аумағына асырып отырады.

Ел басшылары аймақта бақылау орнату бойынша айтарлықтай шара қабылдамай жатыр деп есептейді жергілікті тұрғындар.

– Шекараны ойдағыдай қадағалап отырса, одан ешкім де өте алмас еді. Шекара күзеті – мемлекеттік органдардың борышы. Олар бұл араға жеткілікті әскер бөліп беруге тиіс, – дейді өзін жай ғана Назокат деп таныстырған Дашти Джум кентінің тұрғыны.

ШАРАЛАР ЖЕТКІЛІКСІЗ БЕ?

Шуроабад ауданындағы шекаралық отряд командирі, полковник Қадамшо Хушқадамовтың пікірінше, ауданда «шекарашылар саны жеткілікті». Әскерилер де күзет ісіне араласады, олар үшін тіпті жаңа казармалар да салынған дейді ол.

Былтыр мамырда сел тасқынының нәтижесінде қирағандардың орнына салынған жаңа казармалардың Тәжікстандағы үлгілі шекара әскерлері болатын түрі бар деп хабарлаған еді биыл маусым айында Озоди радиосы ["Азат Еуропа/Азаттық" радиосының Тәжік қызметі]. АҚШ олардың Тәжікстанның Шурообад ауданындағы шекарашылар бекеті. 5 шілде 2011 ж.

Тәжікстанның Шурообад ауданындағы шекарашылар бекеті. 5 шілде 2011 ж.

құрылысына миллионға жуық доллар бөліп берді.

Тәжікстанның тыл бойынша шекара әскерлері қолбасшысының орынбасары генерал-майор Сафарали Назиров былай дейді:

– Шуроабад – тәжік-ауған шекарасының өте күрделі тұсы. АҚШ осы жердің күзетінде бар қиындықтарға назар аударып, олардың шешілуіне септігін тигізді. Соңғы бес жылда заставалар жөндеуден өтті. Отряд көрсеткіштеріне сәйкес, көрсетілген көмек трансұлттық қылмыс пен өзге де қауіп-қатерлермен тиімді күресуге мүмкіндік берді.

«МІНСІЗ» БАҒЫТ

Тәжік-ауған шекарасының Пяндж өзенін жағалай өтетін Шуроабад учаскесі күрделі тау бедері арқылы өтеді. Бұл - Тәжікстандағы өткелі қиын жерлердің бірі. Өзі де оңып тұрмаған тау жолдары совет заманынан бері жөнделмеген. Кез-келген адамның баруына жүрегі дауаламайды. Осының салдарынан аудан есірткі саудагерлері үшін «мінсіз» маршрутқа айналды.

Соңғы 12 жыл ішінде аймақ, негізінде, «иесіз жер» бола қалды дейді Кавок кентінде тұрып жатқан бұрынғы шекарашы Давлат Сафаров.

– Ауғандықтар [есірткі саудагерлері] бұл арада шамамен 12 кентті Ауғанстандық шекара қызметкері (ортада) ауған-тәжік шекарасындағы Тем базарында жүр. 16 қыркүйек 2011 ж.

Ауғанстандық шекара қызметкері (ортада) ауған-тәжік шекарасындағы Тем базарында жүр. 16 қыркүйек 2011 ж.

бақылап отырған көрінеді. Олар адамдарды ұрлап, малды айдап әкетіп отырады, олар көршіміздің жаңғақтарын ұрлауға дейін барды, – дейді Давлат Сафаров.

Ұрлық жөнінде ресми ақпарат жоқ, алайда тек үстіміздегі жылдың өзінде назарға іліккен кем дегенде бес оқиға жайлы мағлұмат бар.

Бір жағдайда жас қызды ұрлап әкетті. Соңыра оның үй ішіне ауғандық нөмірден телефон соғып, күйеуге берілгенін және қайтып келмейтінін айтты.

Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, Ауғанстаннан келген қарулы топтың төрт ер адамды ұрлап әкеткен төрт оқиға тіркелген. Олардың бәрі ақырында босатылды.

Биыл мамырда бір мемлекеттік фермадан 80-ге жуық сиыр ұрланды деп хабарлады аудан прокуроры Гийосидин Умаров.

Биліктің әрекетсіздігіне деген наразылықтың артуы кей-кезде тергеусіз сотқа дейін жеткізеді. Мәселен, Кавок кентінің тұрғындары ауылдан 72 жастағы қартты қуып жіберді. Себебі ауыл тұрғындары оның ұлдары есірткі саудасына қатысты деп күдіктенген.

ЫНТЫМАҚ

Биліктің пікірінше, проблеманы шешудің кілті - билік органдарының жергілікті тұрғындармен ынтымақтастығында. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімінің бастығы Аскаршо Наврузов былай дейді:

– Әр ауылымызда осы күресте билікке көмектескісі келетін тұрғындар аттарын атамай ақпар бере алатын желі жұмыс істейді. Құнды ақпарат берген адамға сый да бар – 1 мың сомони (шамамен 210 АҚШ доллары).

Бұрынғы шекарашы Давлат Сафаровтың сөзіне қарағанда, аймақтағы Тәжікстанның есірткі айналымымен күрес қызметі арнайы операция барысында қолға түсірген есірткі заттары. 24 қыркүйек 2011 ж.

Тәжікстанның есірткі айналымымен күрес қызметі арнайы операция барысында қолға түсірген есірткі заттары. 24 қыркүйек 2011 ж.

кедейлік пен жұмыссыздық салдарынан көптеген тұрғындар тасымалдауға курьер іздеп жүрген ауғандық есірткі саудагерлерінің құрығына оңай түсетін олжа болып бір-ақ шығады.

– Бұл проблема Тәжікстанда сонау азаматтық соғыс барысында бастау алды [1990-жылдарда], сол кезде бұған ешкім де көңіл бөлмейтін. Есірткі саудагерлері құпия соқпақтарды пайдаланады, олар есекке мініп миналанған тұстардан да өтеді. Жергілікті тұрғындардың дені бұл турасында жақсы біледі. Олар билікпен ынтымақтасып, ақпарат беріп тұрған болса, проблеманы айтарлықтай оңай шешуге болар еді. Алайда адамдар қорқады. Бір жағынан, оларды есірткі саудагерлері ұрлап жатады, екінші жағынан – билік оларға күдікпен қарайды. Сенім деген атымен жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG