Accessibility links

Ауғанстан, АҚШ пен «Талибан» келісе ала ма?


Ауған полициясы бункерге ту қадап жатыр. 24 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауған полициясы бункерге ту қадап жатыр. 24 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауған қақтығысының негізгі үш кейіпкері – Ауғанстан, АҚШ және «Талибанның» Дохада бейбіт келісім жасауға байланысты өз талап-тілектері бар.

«ТАЛИБАН»

Әртүрлі топтардан құралған талибтердің бейбіт келіссөз туралы пікірі бірдей емес. Топтың әскери қанатын құрайтын ымырасыз талибтер кез-келген келіссөзге қарсы. Бүлікшілер тобының басқа жоғары қызметтегі мүшелері (олардың біразы – Пәкістанның қамқорлығында қалғандар) мәмілеге келуге шақырып отыр.

Талаптар

«Талибан» бірнеше талап қояды, соның бірі – ауған үкіметінің қарамағындағы түрмеде жатқан талибтерді босату. Гуантанамо түрмесінде отырған бес "Талибан" мүшесін босату туралы да сөз туары анық. Ұйым өз мүшелеріне қатысты санкцияны жеңілдетуді сұрауы да мүмкін. БҰҰ-ның «Әл-Қаида» және «Талибанға» қатысты санкциялары бойынша талибтерге қатысы бар жүзден астам адам "Талибанның" Дохадағы кеңсесі. Катар, 18 маусым 2013 жыл.

"Талибанның" Дохадағы кеңсесі. Катар, 18 маусым 2013 жыл.

қара тізімге еніп, олардың сапарға шығуына тыйым салынып, жеке есепшоттары құлыпталған. Ауған үкіметінің өтініші бойынша БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Кабулмен бейбіт келіссөз өткізуді мақұлдайтын топтың қатарынан ондаған адамның аты-жөнін сызып тастады.

«Талибан» өзін Вашингтонның заңды саяси ұйым ретінде мойындағанын қалайды. Олардың барынша даулы, әрі өктем талаптары да (мысалы, Ауғанстан конституциясын өзгерту, ұйымға елдің әлеуметтік және сот ісіне ықпал етер мүмкіндік беру) бар.

– Талибтер сот ісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық, білім мен әлеуметтік мәселеде елеулі ықпалға ие болғысы келеді. «Талибан» сот төрелігіне ықпал етуді көздейді. Ұйым жетекшілігі Ауғанстанның сот ісін әділ жүргізуге дайындығымыз зор деп санайды, – дейді Лондондағы Ауғанстан сарапшысы Мэтт Вальдман.

Шиеленістер

Ауғанстанның болашағына қатысты кез-келген келіссөзге талибтерді қатыстыру ауған әйелдерінің мүддесін қозғамай өтпейді. Ауған заң шығарушылары мен Құқығы үшін шеруге шыққан әйелдер шеруі. Кабул, 27 мамыр 2013 жыл.

Құқығы үшін шеруге шыққан әйелдер шеруі. Кабул, 27 мамыр 2013 жыл.

белсенділері бейбіт келісім астарында «Талибанның» шектен тыс конвервативтік көзқарастағы өкілдері соңғы 10 жылда ауған әйелдері қол жеткізген мүмкіндікті шектеуге ұмтылады деп қауіптенеді.

Ауған қоғамындағы қайшылық соңғы жылдары үкіметте әжептәуір билікке жеткен этникалық азшылық тарапынан да туындайды. Бұрынғы Солтүстік альянстың дала командирлері мен сарбаздары, соның ішінде үкіметте негізгі лауазымды иеленіп алған тәжік топтары биліктен айырылғылары келмейді. Өзбек әскери жетекшісі генерал Абдул Рашид Дустум, 1990 жылдары талибтермен соғысқан этникалық тәжік басшысы Мухаммад Исмаил Хан сияқтылар «Талибан» қайта оралса дайын отыру үшін бұрынғы жасақтарын қаруландырып жатыр деген хабар бар.

Лондондағы Корольдік колледждің Ауғанстан бойынша сарапшысы, профессор Анатоль Ливен әртүрлі діни және этникалық топтардың қолдауынсыз бейбітшілік орнамайтынын айтады.

– Ауғанстандағы бейбітшілік талибтер мен бұрынғы Солтүстік альянстың тұрақты күштері арасында орнамаса, елде де тыныштық болмайды. Егер олар келісімге келе алмаса, басқа тұрақтылық мүмкін емес – соғыс жалғаса береді, – дейді ол.

АУҒАН ҮКІМЕТІ

Ауған билігі «Талибан» Катарда кеңсе ашып, АҚШ-пен келісімге келмек» деген жаңалықты естігенде дүрлігіп қалды. Ауған президенті тағайындаған ұйым – Ауғанстанның жоғарғы бейбітшілік кеңесі «келіссөзді ауғандар бастамаса, Катар Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз мәслихатында отыр. Кабул, 18 маусым 2013 жыл.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз мәслихатында отыр. Кабул, 18 маусым 2013 жыл.

келіссөзіне бармаймыз» дейді.

18 маусымда «Талибан» Дохада кеңсе құрғаны туралы хабарлаған кезде Карзай АҚШ-тың ресми тұлғаларымен екіжақты қауіпсіздік туралы келісімді бұзатынын мәлімдеді. «АҚШ үкіметінің Ауғанстандағы бейбітшілік туралы айтқан сөзі мен әрекетінің арасында қайшылық бар» деді ол.

Карзай үкіметі Катарда талибтердің ресми мәртебеге ие болғанына алаңдайды, «Ауғанстанның исламдық эмираты» деген жазу мен «Талибанның» туы ілінгеніне ызалы. Кабул «мұның бәрі «Талибан» – қудалауда жүрген үкімет» деген идеяны көрсетеді» деп қауіптенеді.

Талаптар

Кабул талибтердің орталық үкіметке бағынып, қаруларын тастауын, елдің конституциясын мойындауын талап етеді. Лондондағы Ауғанстан сарапшысы Мэтт Вальдман «ауған үкіметі кез-келген келісімде талибтердің билігін шектеуге ұмтылып, мүмкіндігінше өз билігін сақтауға тырысады» дейді.

– Ауған үкіметі келісімге жетекшілік ете ме, жоқ па – ол жағы белгісіз. Бірақ солай еткен жағдайда олар талибтердің мемлекеттік істегі ықпалын шектеуге ұмтылары анық. Егер қақтығысты шешу жолдары табылса, билікті бөлудің де қажеті болмас еді. Бірақ үкімет басындағылардың көпшілігі биліктерін бөліскісі келмейді, – дейді сарапшы.

Шиеленістер

Бірінші шиеленіс – 2014 жылы көктемде өтетін президенттік сайлауға байланысты. Ол кезде «Карзай басқарған үкімет билікте қалмайды, сол уақытта шетелдік әскери күштер елден шығарылады» деген болжамға қатысты дау туындайды. Сарапшы Анатоль Ливеннің айтуынша, үкіметпен маңызды келіссөз жүргізуге келіспей келген талибтер Карзайды ұзақ мерзімді келіссөз жүргізуге лайық тұлға деп санамайды.

– Талибтер «Карзай үкіметі қызметін доғарады» деген үмітпен жүр. Америкалықтардың да сондай пікірде екенін байқадым. Бірақ Кабулдағы қазіргі үкімет билікті оңай бере салуды ойламайды да, – дейді ол.

АҚШ

Маусымның 18-і күні күні АҚШ президенті Барак Обама «Ауғанстан мен ауған жетекшілігі арқылы жүргізілген бейбіт процесс аймақтағы зорлық-зомбылықты доғарып, елдің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді» деп мәлімдеді.

Талаптар

АҚШ әкімшілігі «талибтер «Әл-Қаидамен» байланысты үзіп, зорлық-зомбылықты Ауғанстандағы АҚШ әскері. 17 сәуір 2013 жыл.

Ауғанстандағы АҚШ әскері. 17 сәуір 2013 жыл.

тоқтатып, әйелдер мен этникалық азшылықты қорғауды мойнына алсын» дейді. Вашингтон АҚШ қарауындағы НАТО күштері «Әл-Қаидамен» күресе береді деген ниетін де анық білдірді.

Лондондық сарапшы, профессор Анатоль Ливен «талибтер мен Кабулды бітімге келтіру – Вашингтонның Ауғанстаннан шығардағы негізгі стратегиясы» дейді.

– Америка «соғыс жалғаса берсе, АҚШ базасы, кеңесшілері мен арнайы күштері елде тұрғанда Кабул үкіметі мен армиясы құлап, бізді қиын жағдайда қалдырады» деп қорқады. Олар талибтермен арада атыстың тоқтағанын қалайды, – дейді сарапшы.

Шиеленістер

«Талибан» «АҚШ-тың қарауындағы НАТО күштері Ауғанстаннан кететін болса, тек АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргіземіз» деп мәлімдеді. Шетелдік күштердің басым бөлігі алдағы жылдың соңында Ауғанстаннан шығады, бірақ біраз бөлігі елде қалады, Кабул мен Вашингтон қазір оның көлемін талқылап жатыр.

Азаттық тілшісі Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған - Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG