Accessibility links

Молда жас қыздың ажалына қатысы жоғын айтады


Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы шеруге шыққан қыз-келіншектер ұстаған плакат. Кабул, 24 қыркүйек 2012 жыл.

Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы шеруге шыққан қыз-келіншектер ұстаған плакат. Кабул, 24 қыркүйек 2012 жыл.

Ұзатылатын күні басқа жігітпен қашып кеткен ауған қызын туыстары ұстап алып, атып өлтірді. Бұл қылмысқа байланысты сотталған молда «қызды жазалаған мен емес, халық» дейді.

Бұл оқиға Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадгис өлкесіндегі Кукчаил ауылында болған. Халима есімді жас қыз некесі қиылатын күні атастырылған адамына бармай, сүйген жігітімен қашып кеткен. Бірақ туыстары қызды ұстап алып, жұрттың алдында атып өлтірді.

Билік органдары «Халиманы өлтіруге пәтуа берген адам» ретінде жергілікті молданы – 35 жастағы Маулави Абдул-Қаюмды 17 жылға соттады. Видеода молданың қызды өлтірген жұртпен бірге тұрғаны анық көрінеді. Бірақ қазір Маулави Абдул Қаюм аппеляциялық арыз беріп жатыр. «Жауапты қылмыскерлер аман құтылып, мен жазықсыз сотталып жатырмын» дейді ол.

ҮКІМ МЕН ЖАЗА

Халима тойға дейін ауылындағы бір жас жігітпен жасырын сөз байласып жүрген. Бірақ қыздың ата-анасы Халиманы басқа адамға зорлап ұзатпақшы болған. Қыз маусым айына белгіленген ұзату тойының алдында ұнатқан жігітімен бірге ауылдан қашып кетіп, басқа жақта өмір сүргісі келген. Молда Абдул-Қаюмның айтуынша, атастырған адамның ата-анасы бұған наразы болып, «бөтен еркекпен қашып кеткен қызды жазалауды талап еткен».

Осы аймақтағы әйелдер ісі департаментіне тапсырылған видеода Халиманы жұрт алдында соттап, атып жатқаны анық көрінген. Азаттық радиосының Ауғанстандағы тілшісі қарап шыққан бұл видеода молда жұрт алдында сөйлеп тұр. Қорлық көрсеткен күйеуінен қашқаны үшін екі жыл абақтыға қамалған Парвин (18 жаста) әйелдердің паналау орнында отыр. Кабул, 12 қазан 2011 жыл.

Қорлық көрсеткен күйеуінен қашқаны үшін екі жыл абақтыға қамалған Парвин (18 жаста) әйелдердің паналау орнында отыр. Кабул, 12 қазан 2011 жыл.

Екі ер адам жерде отырған пәренжелі әйелге қару кезеп тұр. Молда сөйлеп болған соң екі ер адам әлгі әйелді атып өлтіреді. Осы кезде ел-жұрт «Аллаһу әкбар» деп айқайлайды. Видеода молданың сөздері анық естілмейді. Бірақ билік органдары «Халиманы айыптап, өлімге бұйырған – молда Абдул-Қаюм» дейді. Ал молда «мені осы қылмысқа айыпты етіп, жала жапты» дейді.

– Қызды жазалау туралы шешімді отбасы мүшелері қабылдаған. Бірақ енді оны діни пәтуаның негізінде айыптап жатыр. Бірнеше дін ғұламалары «бұл істі билік органдарына тапсырыңдар» деді. Мен де бұл істің шешімін үкімет пен сот айтсын дедім. Бұл жазаны жүзеге асырған – халық. Олар да жауапқа тартылуы тиіс, – дейді Абдул-Қаюм.

Бадгис полициясы қазір қызды атып өлтірген екі ер адамды іздестіріп жатыр. Ал Абдул-Қаюм жоғарғы сотқа қайта арызданды. Оның айтуынша, арыз бірнеше аптада қаралу керек.

«АДАМДЫ ЖАЗАЛАУҒА СОТТЫҢ ҒАНА ХАҚЫ БАР»

Уәлаяттың губернаторы Ахмадулла Ализай молдаға байланысты сот үкімі өзгеріссіз қалуын қолдайды.

– Молдаға кесілген үкім мен жаза біздің әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықпен күресіп жатқанымызды көрсететін айғақ болады, – дейді ол.

Ахмадулла Ализай Халиманы жазалау актісіне қатысқан адамдардың бәрін сотқа тартуға уәде берді.

Ауғанстан заңынан хабардар сауатты кісілер «молданы заң бойынша әділ жазалады» деп санайды. Кабул универститетінің заңгері, профессор Насрулла Күйеуі мен оның туыстарынан қорлық көрген Сахар Гүл (15 жаста) ауруханада жатыр. Кабул, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Күйеуі мен оның туыстарынан қорлық көрген Сахар Гүл (15 жаста) ауруханада жатыр. Кабул, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Станикзайдың ойынша, Бадгис соты өте дұрыс шешім шығарған. Насрулланың сөзінше, «молда бұдан бөлек шариғат заңын да бұзып, айыпты болып отыр».

– Ислам және ауған заңы бойынша адамды ресми сот қана жазалауға хақылы. Одан басқа ешкімнің олай жасауға құқығы жоқ. Сот біреуді өлім жазасына кескен соң да оның ісі тағы да екі истанцияда қаралуы тиіс. Ең соңында президент үкімді мақұлдап, қол қойған соң ғана өлім жазасы түрменің ішінде жүзеге асуы тиіс. Өлім жазасын сот, молда, я қандай да бір дін өкілінің кесуіне хақы жоқ, – дейді профессор.

Әйелдер құқығын қорғаушылардың сөзінше, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық Бадгисте және Ауғанстанның көп жерінде кең тараған. Алайда көп қылмыстық істер тиісті органдарға хабарланбайды. Сондықтан қылмыскерлер жазаланбай жүре береді.

Халиманы алып қашқан жігіттің тағдыры белгісіз. Кейбір ауылдастары «ол шетелге қашып кетті» дейді. Халиманың ата-анасымен сөйлесуге мүмкіндік болмады. Жергілікті басшылардың айтуынша, Халиманың отбасы қайғылы оқиғадан соң елдің көзіне түсуден қашқақтайды.

Шапур Сабер мен Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG