Accessibility links

Алаш зиялыларының әндері халық әндері болып кеткен бе?


Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы. Интелегенция партии "Алашорда" - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат

Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы. Интелегенция партии "Алашорда" - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат

Алаш зиялыларының артында басқа да шығармаларымен қатар ән мұрасы да қалған. Ән тарихын зерттеушілер қазіргі халық әні аталып жүрген бірнеше әннің авторлары кезінде халық жауы атанған Алаш ардақтылары болуы мүмкін деген ойларын ортаға салады.

20-шы ғасырдың басында жұрт Алаш деген сөзді естісе әзірейіл көргендей ат-тонын ала қашатын дейді әнші-зерттеуші Ықылас Ожай. Сондықтан да қазіргі халық әндері аталып жүрген әндердің біразы Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулаттың әндері болуы керек.

Мәселен, зерттеуші Ожай Алашорда ұлттық аймақтық автономиясының әнұранын Міржақып жазған болуы мүмкін десе, журналист Болат Мүрсәлім ол әнұранның авторы Жүсіпбек Аймауытов болуы да ғажап емес деген ой айтады.

Құрметті ағайын, Азаттықтың “Зерде” айдарында Алаш әні деген тақырыпта өткен сұқбатымызды тыңдауға шақырамыз. Хабарымызды мына жерден тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG