Accessibility links

Онкологиялық науқастарға арналған қуыршақ көрмесі

Алматыдағы «Вернисаж» камералық галереясында православ христиандарының Рождество мерекесімен тұспа-тұс «Рождество – періштелер мезгілі» атты авторлық қуыршақ көрмесі өтіп жатыр. Оған қойылған қуыршақтардың барлығы көрме өткеннен кейін жуырда күрделі операция жасатуы тиіс онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек науқастарға сыйға берілмек.

Қайырымдылық жобасын Алматыдағы қуыршақ шеберлерінің «Қуыршақтар әлемі орталығы» бірлестігі бірқатар мекемелер және жеке адамдардың қолдауымен ұйымдастырған.
Түгелін оқыңыз

Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрмеге 30 шақты қуыршақ қойылған. Тағы үш қуыршақты осы көрмеге шетелден арнайы жолдаған, олар әлі жолда келеді. Көрмеге қатысуға ниет білдіргендер арасында Қазақстан, Германия, Израиль, Ресей және Украина азаматтары бар.
1

Қуыршақ авторларының ішіндегі ең кішісі төрт жаста. «Гүл ұстаған Ангелика» қуыршағын жасаған Дарина Қуанышбек «Шедевр» мектебінде тәлім алады.
2

Надежда Алтай-Крупскаяның әзірлеген «Періштелер ханшайымы» қуыршағы ересек шеберлер арасында екінші орын алды. Қуыршақ авторларын қолдау үшін конкурс тек шартты түрде өтті.
3

Лариса Сологуб дайындаған «Тілек бұлты» қуыршағы.
4

Тағы

XS
SM
MD
LG