Accessibility links

«Бейнеті көп, беделі жоқ» кәсіптің иелері


Райымбек метро бекетінде жолаушы күтіп тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

Райымбек метро бекетінде жолаушы күтіп тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

Автобуста жолаушылардан ақша жинайтын кондукторлар өз кәсіптері жайлы: «Жақсысы – қалтаңда ақша жүреді, жаманы – 12 сағат тікеңнен тік тұрып елмен ұрсысасың» дейді.

«БАЛАМДЫ КОНДУКТОР ҚЫЛМАСПЫН»

Саяхат автобекетінен Алматының іргесіндегі Байсерке ауылына қатынайтын 219-автобуста кондуктор болып істейтін келіншек Азаттық тілшісіне «Фатмагүл дей бер» деген еді күліп.

Сегіз жылдан бері осы автобуста ақша жинаушы болып келе жатқан Фатмагүлдің айтуынша «Кондукторлық - амалсыздан істейтін кәсіп».

– Мен өзі өте салмақты адам едім. Қазір «нервный» болып кеттім. Мәселен, автобуста адам толып келе жатады. Артқы есіктен кірген адамға «жолақыңызды беріп жіберіңіз» десең «келіп алып кет» деп шіренеді. Болмаса, өздері күшпен тығылысып кіріп алады да, «Адамдарды неге көп аласыңдар, ақшадан өліп пе едіңдер!» деп ұрсады. Сосын қалай ашуланбайсың, – дейді Фатмагүл.

Жасының 45-ке келгенін айтқан Фатмагүл «Бір ұл, бір қызым бар. Бірақ өліп кетсем 219-автобустың кондукторы Фатмагүл. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

219-автобустың кондукторы Фатмагүл. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

де оларды кондуктор қылмаймын» деді. Себебін сұрағанда:

- Кондуктор - бейнеті көп, беделі жоқ жұмыс қой. Жастайынан беті ашылып, әркіммен ұрсысуға бейімделіп кетеді. Екіншіден, ақшаның соңына түсіп кетеді, - деп жауап берді.

«Ақшаның соңына түсіп кететіндей кондукторлар көп таба ма?» деген сауалымызға:

– Жоқ. Бірақ күнделікті қалтасында ақша жүргендіктен, көзі үйреніп, еті өліп кетеді де, кейін осы кәсіпті қимай жүре береді, – деп түсіндірді.

КОНДУКТОР БОП ЖҮРГЕН СЭС МАМАНЫ

Нұрым есімді кондуктор жігіт Алматыға Шымкент қаласынан келіпті. Жасы – 18-де. Бір жылдан бері «Саяхат» автобекеті мен «Ақсай» шағын ықшам ауданы бағытында жүретін 105-автобустардың бірінде жолақасын жинаушы болып жүр екен.

– СЭС (санитарлық эпидемиялық қызмет) мамандығы бойынша колледж бітірдім. Қазір Алматыдағы университеттердің бірінде сырттай оқып жүрмін, – деді ол.

Нұрымның түсінігінде, «кондуктор - орта деңгейлі кәсіп».

– «Орта деңгейлі кәсіп» дейтінім – үнемі қалтаңда ақша жүреді. Адамдармен танысасың, бұл жағынан жақсы. Алайда таңғы 5-те үйден шығасың, түнгі 12-де Аялдама тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Аялдама тұрған автобустар. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

жатар орныңды әрең табасың. Оның үстіне ұзақты күн тікеңнен тік тұрып, ақша жинайсың. Өте ауыр, – дейді ол.

Нұрым «мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкін болмағанын, сосын таныс арқылы автобусқа шыққанын» айтты.

– Үйдің үлкенімін. Әке-шешем – қарапайым адамдар. Белгілі бір қызметтері де жоқ. Сондықтан қазіргі оқып жүрген оқуымның ақшасын өзім табуым керек, – деді сұқбаттасымыз.

Ол күндік табысы 3 мың теңге екенін де жасырмады.

– Жоспар бойынша күніне 20 мың теңге құюымыз керек. Оған қоса 12 мың теңге жанармайға кетеді. Осы ақшаларды жинау үшін барымызды саламыз. Таңертең-кешке барынша көбірек адамдар алуға тырысамыз. Соның кесірінен адамдармен ұрсысуға да тура келеді, – дейді күліп.

КОНДУКТОР МЕН «ҚАЛТАМАНДАР»

Нұрым «кондукторларды жұртқа жиіркенішті етіп көрсететін – қалтаға түскіш ұрылар» екенін айтты. Жас жігіт олардан қорқатынын жасырмай:

– Автобуста жүретін «қалтамандарды» біз жақсы танимыз. Бірақ ұстап беруге қорқамыз. Өйткені олар біреу емес, бірнешеу. Тіпті топ-топқа бөлініп алып, жүйелі түрде жұмыс жасайтындары да бар. Сондықтан оларды көріп қалған сәтте тек «ақшаларыңызға, телефондарыңызға сақ болыңыздар» деп ескертемін. Басқа қолымнан ештеңе келмейді. Менің де өмір сүргім келеді, - деді.

Нұрымнан «Қалтамандар сіздермен келісуге, яғни түскен олжаны бөлісуге ұсыныс айта ма?» деп сұрадық.
Келесі аялдамаға дейін екі телефон алып түсемін. Бірі – маған, бірі – саған.

– Иә, ондай ұсыныс болды. «Келесі аялдамаға дейін екі телефон алып түсемін. Бірі – маған, бірі – саған. Келісейік, сен тек тезірек түсіп кетуге мүмкіндік жаса» дегендері болды. Тіпті келіспегенім үшін өзімді тонамақ болғандар да бар, – дейді Нұрым.

Ол «қалтамандармен» бірігіп жұмыс істейтін кондукторлар да бар екенін» жоққа шығармады.

Автобус жүргізушісі Нұрымды суретке түсіріп алуға ыңғайланғанымызды көріп, «Болмайды. Жас бала ертең әлденеге ұрынып қалуы мүмкін» деп рұқсат етпеді.

– Еңбекке ерте бастан еті үйренсін деп қасыма алып жүрмін. Қалта ұрылары көзін бақырайтып қойып өзін тонап кете жаздады. Сондықтан көрсек те көрмеген, білсек те білмеген болып жүруге тура келеді, – деді жүргіузші.

«СЫРТТАН КІСІ АЛСАҢ, АҚША ҰРЛАЙДЫ»

Алматыдағы автобус кондукторларының көбі көлік жүргізушінің жақыны болып келетінін аңғарған едік. Себебін сұрағанымызда, 219-автобустың жүргізушісі Қайрат есімді азамат:

– Сырттан кісі алсаң, ақша ұрлайды. План орындау үшін таң қараңғысынан жанталасып жұмысқа кірісесің. Оның жартысын кондукторың тығып қалса, не Қаладағы автобус көліктері біріндегі валидатор құрылғысы. Алматы, 29 тамыз 2012 жыл. (Көрнекті сурет).

Қаладағы автобус көліктері біріндегі валидатор құрылғысы. Алматы, 29 тамыз 2012 жыл. (Көрнекті сурет).

болады. Сондықтан өзіңе жаны ашитын жақын адамды алуға ұмтыласың. Мәселен, сегіз жылдан бері осы автобуста әйелім кондуктор болып істеп келеді. Кешке шаршап барғанда, алдымда тамағын даярлап, үйде күтіп отырғаны маған да жақсы. Бірақ ақша жинау – одан да маңызды, – деді.

Бұдан кейін автобуста отырған жолаушылармен сөйлескен едік. Өзін Бақыт деп таныстырған жолаушы:

– Таңертеңнен кешке дейін автобуста тікеңнен тік тұрып көпшілікпен жұмыс істеу – меніңше, азап. Өзіміз кешке автобуспен үйге жеткенше шаршап, ұрсысатын адам іздей бастаймыз. Сондықтан кондукторларды түсіну керек, – деді.

Аты-жөнін айтқысы келмеген екінші кісі:

– Қазіргі кондукторлардың барлығы – жастар, дөрекі, сауатсыз. Көпшілікпен жұмыс істеуді білмейді. Сондықтан кондукторлыққа орта жастан асқан адамдарды қабылдау керек, – деген пікір айтты.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG