Accessibility links

Еуропа чемпионатында ұлттық командалар жаңа формамен шығады


Дания ұлттық құрамасының формасы.

Дания ұлттық құрамасының формасы.

Украина мен Польшада футболдан өтетін Еуропа чемионатына ұлттық құрамалар арнайы тігілген жаңа формалармен шығады.


Неміс тігін концерні Adidas Еуропа чемпионатына қатысатын алты команданы формамен қамтамасыз етті.

«БОГАТЫРЬЛАР»

Соңғы әлем чемпионатының финалына іліккен Испания мен Германия құрамалары биылғы алаңға осы компанияның киімімен шығады. Испания құрамасының формасы қызыл және көкшіл, ал немістердікі ақ және жасыл болады.
Ресей футбол командасының формасы.

Ресей футбол командасының формасы.


Ал Ресей мен Украина құрамасының формаларына бұл концерн өзгеше ою-өрнектер салды. Ресей құрамасының формасы орыс «богатырьларының» киіміне ұқсас тігіліпті. Яғни, иығы шығыңқы.

Украина командасының формасының дәл ортасында украин ұлттық оюлары бейнеленген. Қос команданың да формасында герб пен мемлекеттік ту атрибуттары бар.

Дания және Грекия құрамаларының формаларында көп өзгеріс жоқ. Дания қызыл және ақ, ал гректер көк және ақ киіммен алаңға шығады. Грекия киімінде осы ел туының жолақтары бар.

«ТАНГО-2012»

Ресейлік «Чемпионат» порталының мәлімдеуінше, Adidas Еуропа чемпионатына қатысатын алты құраманың әр ойыншысына 7 формадан тіккен. Яғни топтық кездесуден бастап, финалдық ойынға дейінгі аралықта футболшылар жаңа Германия ұлттық құрамасының формасы.

Германия ұлттық құрамасының формасы.

формада шығады. Демек футболшылардың ойыннан соң бір-бірімен форма ауыстыруына да болады. Бұл әр елдің футбол федерациясы мен компания арасындағы келісім шарт негізінде жасалып отыр.

Ресейлік «Ведомости» газетінің ақпаратына сүйенсек, Ресей құрамасы 2008 жылы бұл компаниямен келісімге отырып, 100 миллион АҚШ долларын төлепті. Ал Adidas компаниясы жыл сайын Ресей құрамасының формасын сатудан түскен қаржының бес пайызын Ресей футбол федерациясына беріп тұрады.

Германия құрамасы Adidas формасын 2018 жылға дейін киеді. Бұл концерн әр командамен келісім-шарт жасасқанда 10 жылдан артық мерзім ұсынып, олардан 100 миллион доллардан жоғары ақша сұрайды.
Украина құрамасының формасы.

Украина құрамасының формасы.


Биылғы Еуропа чемпионатының ресми добын да осы Adidas компаниясы дайындаған. Ол доп «Tango-2012» деп аталады. Алайда УЕФА мен Adidas бұл допты дайындау кезінде жасасқан келісімдері мен қаржылық шығындары туралы қандай да бір ақпарат берген жоқ. Еуропа чемпионатынан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының доптарын да осы концерн тігеді.

ЖОЛЫ БОЛҒЫШ PUMA

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Зидан Италия командасының қорғаушысы Матерацциді баспен ұрып құлатуымен есте қалған 2006 жылғы әлем Италия ұлттық құрамасының формасы.

Италия ұлттық құрамасының формасы.

чемионатында Италия құрамасы Puma киімімен финалға шығып, әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Сәттілік әкелген Puma-мен Италия футбол федерациясы (ИФФ) келісім-шартты 2018 жылға дейін созды. Алайда ИФФ екі жақты келісімге қанша қаржы жұмсағаны жайлы ақпарат жоқ.

Чехия футболшыларының да киімін германиялық Puma тіккен.

Спорт комментаторы Есей Жеңісұлының айтуынша, биылғы Еуропа чемпионатына қатысатын командалардың формаларын ауыстыруы не естелікке беріп кетуі - алпауыт футбол державаларына ғана тән әдет.

- Командалардың формасында матч өтетін күн жазылып, екі елдің тулары немесе футбол Чехия футбол командасының киімі.

Чехия футбол командасының киімі.

федерацияларының эмблемалары белгіленеді. Яғни бұл формамен келесі ойынға шығуға мүмкіндік жоқ. Бұған қоса, әр футболшы ойыннан кейін форма ауыстырып немесе сол форманы жанкүйерлерге естелікке беріп кетуге құқылы. Әрине, бұл әлемдегі алпауыт футбол державаларына ғана тән, - дейді спорт комментаторы.

ҚАЗАҚСТАН: ЖАНКҮЙЕРГЕ ЕСТЕЛІК

Қазақстанда жанкүйерге естелік сыйлау дәстүрі қалыптаспаған. Бұл елдің ұлттық құрама ойыншылары тек ресми матчтарда (Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу жарыстарында) ғана форма алмастыруға немесе киімдерін жанкүйерлерге сыйлауға құқылы.

- Біз ойыншыларға форманы тек ресми матчтарда ғана ауыстыруға рұқсат береміз. Испания құрамасының формасы.

Испания құрамасының формасы.

Ал жолдастық матчтарда ауыстырмайды. Жалпы алғанда федерация тарапынан жыл сайын форма дайындауға жеткілікті қаржы бөлінеді. Футболшылардың ойын формасынан бөлек жаттығу формалары да бар. Қазақстан құрамасы жиі кездесулер өткізе бермейтінін ескерсек, форма саны жағынан қиындық көріп жатқан жоқпыз, - дейді Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Измаил Бзаров.

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, 2008 жылы Лондонның «Уэмбли» стадионында өткен Қазақстан-Англия ойынында ұлттық құрама бапкері болған Бернд Шторк футболшыларға матчтан кейін форма ауыстыруға тыйым салыпты.

- Ойын алдында бұл туралы Қазақстан басылымдары жаппай жазды. Шторк егер футболшылардың бірі алаңда қандай да бір ағылшындық ойыншымен форма Грекия ұлттық құрамасының киімі.

Грекия ұлттық құрамасының киімі.

ауыстырса, қатаң жазаланатынын ескерткен. Жаттықтырушының осы ескертуінен кейін бірде-бір ойыншы матчтан соң киімдерін алмастырмады, - дейді спорт комментаторы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының формасын ағылшындық Umbro компаниясы дайындайды.

P.S. Бүгін назарларыңызға сегіз команданың жаңа киімін ұсындық. Алдағы күндері Еуропа чемпионатына қатысатын басқа командалардың формаларымен таныстырамыз.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG