Accessibility links

Аргентинадағы аптап


Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі аптап ыстық 38-44 градусқа жетті. Метеоролог Сильвия Гомес «Буонес-Айрес пен астана маңындағы Росарио қаласына ыстық леп Антлантика мұхитынан келді. Мұхиттағы ауа қысымы артты» дейді. Ыстыққа шыдамаған қала тұрғындары фонтандарға шомылып жүр. Билік тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту таратқан. Денсаулық сақтау министрлігі де «Ыстық тиіп ауырғанда бас айналатынын, жүрек айнып, тыныс тарылатынын» ескертіп, мұндай жағдайда дәрігерге қаралу қажеттігін хабарлады. Метеорологтар аптап 30 желтоқсанға дейін жалғасады деп болжайды.

XS
SM
MD
LG