Accessibility links

Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы күшейіп келеді


Қазақстанмен шекарадағы «Қорғас» кеден бекетінің Қытай жақ бөлігі. 18 ақпан 2013 жыл.

Қазақстанмен шекарадағы «Қорғас» кеден бекетінің Қытай жақ бөлігі. 18 ақпан 2013 жыл.

Азия елдері басшылары Давостағы форумды мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту үшін пайдаланып жатыр. Қазақстан Қытай және Жапониямен ынтымақтастығын нығайтпақ, сарапшылар «бұл аймақ Ресейден алшақтайды» деп болжайды.

Қаңтардың 21-і күні халықаралық Globalist басылымы «Азия мифы: Азия интеллектуалдық кеңістігі жоқ» деген мақала жариялады. Мақала авторы Лозаннадағы (Швейцария) басқаруды дамытудың халықаралық институтының халықаралық саяси экономика профессоры Жан-Пьер Леман Азия елдерінің интеграциясы күшейіп келе жатқанын жазады.

Маман Шығыс Азия, әсіресе Қытай елі батыс мұнайын негізгі тұтынушыға айналғанын айтады. Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан сияқты Орталық Азия елдерінің Ресеймен байланысы әлсіреп, ал Қытаймен қарым-қатынасы, керісінше, нығайған әрі Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» транспорт жобасы құрылысына байланысты әлі де нығая бермек.

Пьер Леманның жазуынша, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі сияқты жаңа институттар құру бұл тенденцияны нығайта түспек. «Елдер арасында тауар, капитал айналымы өседі, инвестиция мен технологиялар алмасу жиілейді және туристер көбейеді. Жалпы алғанда, интеграцияланған Азия нарығы 21-ғасырдағы ғаламдық экономиканың өзіндік ерекшелігіне айналады» деп болжайды ол.

Автор қазір Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форум сияқты Азия елдерінің арасында диалог орнатуға арналған форум жоғын айтады. Азия елдері басшылары Швейцариядағы форумда кездесіп, бұл тенденцияның дәлелі болатын келісім-шарттарға қол қойды.

Қаңтардың 21-і күні Қытайдың мемлекеттік «Синьхуанет» газетінің жазуынша, екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жетілдіре түсу туралы келісу үшін Қытай премьер-министрі Ли Кекианг Давос форумында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Басылым Қытай қаржы, инвестиция, маман алмасу саласындағы жобалармен жұмыс істегісі әрі транспорт, энергетика саласындағы байланысты күшейткісі келеді деп жазады. Сауда-саттық көлемі жағынан Қазақстан – Қытайдың ТМД-дағы сауда әріптестерінің арасында екінші, инвестиция көлемі жағынан бірінші орында, ал Қытай – Қазақстан үшін ірі нарық көзі дейді газет.

Қазақстанмен ынтымақтасуға Жапония да мүдделі. Қаңтардың 22-сі күні Reuters агенттігі жапонның ToshibaCorp компаниясы Қазақстанда атом электр станцияларын салуды талқылап, келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Reuters агенттігіне бұл жайлы Toshiba компаниясының басшысы Масачи Муромати Давос экономикалық форумы кезінде айтқан.

Дамушы елдер ядролық энергетика климаттың ғаламдық жылынуына себеп болып отырған көміртегін бөлуді азайту амалы санайды. Бірақ мұнай бағасының арзандауы келешекте бұл жоспарларды өзгертіп жіберуі мүмкін.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG