Accessibility links

Сүрілетін саяжайдың сүреңсіз тірлігі

Астананың аумағын кеңейту туралы шешімге сәйкес, бұрын қала іргесі саналып келген саяжай серіктестіктері қоныстары енді қала құрамына енді. Саяжай деп аталғанымен оларда мыңдаған адам тұрақты тұрып жатыр, көпшілігінің жалғыз баспанасы осы жерде орналасқан. Саяжайларды мекендейтін жүздеген адам өздері тұратын жер телімдерін «мемлекет қажетіне» алуға және ондағы ескі үй-жайларды сүруге қарсылық білдіріп отыр. Көпшілігін билік ұсынған өтемақы мөлшері қанағаттандырмайды, олар мұндай ақша басқа баспана сатып алуға жеткіліксіз екенін алға тартады.

XS
SM
MD
LG