Accessibility links

Үйінен шығарылғандарды паналатқандарға қатер төнді


Сандуғаш Серікбаева мен бауырының балалары өздерін паналатқан көрішлерімен бірге отыр. Астана, 16 қараша 2013 жыл.

Сандуғаш Серікбаева мен бауырының балалары өздерін паналатқан көрішлерімен бірге отыр. Астана, 16 қараша 2013 жыл.

Астанада наразылықты аяқтаған бойда үйлерінен шығарылған жандарды таныстары мен көршілері паналатты. Қазір құрылысшылар олардың үйін бұзып жатыр. Келесі кезек – көршілерінікі.

Назарбаев Университеті оқу ғимараттарының артындағы құрылыс алаңындағы жұмыс қайта басталды. Апалы-сіңлілі Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева наразылық білдірген құрылыс краны да жұмысқа кірісіп, бетон тақталарды көтеріп жатыр. Құрылысшылар екі отбасының 13 адамы (оның 9-ы бала) тұрған үйді бұзып жатыр.

– Үйдің үлкендері ауруханаға кеткенде (краннан түскен әйелдер бірден ауруханаға жеткізілді) сот орындаушылары келіп, үйден шығарды. Бізге «заттарыңды жинаңдар, үйлерің бұзылады» деді, - дейді наразылық білдірген әйелдердің туысы 11 жасар Нұрым Кәрібаев.

Үйінен шығарылған отбасындағылар қазір құрылыс алаңының арғы бетінде тұрып жатыр. Оларды өздері де көп жанды Базылбековтер отбасы паналатқан. Баспанасы бұзылатын олар екі отбасын уақытша паналатып отыр. Қала әкімдігі бұл отбасының жерін де «мемлекет қажетіне керек» деген уәжбен алмақ.

Баспанадан шығарылған көршілерін паналатқан Базылбековтер отбасының үйі. Астана, 16 қараша 2013 жыл.

Баспанадан шығарылған көршілерін паналатқан Базылбековтер отбасының үйі. Астана, 16 қараша 2013 жыл.

– Көмектескен көршілерге рақмет. Бірақ енді не істейтінімізді білмейміз. Дүйсенбі күні балалар сабаққа бармайды, бәріміз әкімдікке барамыз. Басқа баратын жеріміз жоқ, - деді Орынкүл Кендірбаева Азаттық тілшісіне.

Орынкүл «таңертең ауруханада жатқан сіңлілеріме барып келдім. Екеуінің өңі жақсы» дейді. Жұма, қарашаның 15-і күні түн ортасында Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаеваны краннан көтергіш құрылғымен түсіріп, бірден ауруханаға жеткізді. Әйелдер өздерінің үйін бұзу туралы билік жоспарына бес күн қарсылық танытты. Наразылық акциясын екеуі қарашаның 11-іне қараған түні бастаған.

Үйдің ресми иесі – Садуғаш Серікбаева. Әпкесі Ұйым Жолдасбаева наразылық акциясына туысын қолдап қатысты. Жақын туыстар жиылып, Астана енді кеңейе бастағанда осы үйді салған екен. Бірақ бұрынғы саяжай учаскесі тез арада «майлы» жерге айналған. Сот оларға шамамен 32 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарған.

11 жасар Нұрым Кәрібаев үйден қалай шығарғанын айтып тұр:

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG