Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (22 – 27 сәуір) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ҚОНАҚ

Егер эмоцияны алып тастайтын болсақ, жаңа зейнетақы жүйесі (жинақтау) күйзеліске ұшырамас үшін ең қарапайым мынадай жолдар бар: 1) салықты арттыру; 2) зейнетақыны азайту; 3) зейнетақы жасын арттыру. Өкімет ең оңтайлы жолы әйелдердің зейнетақы жасын арттыру деп шешіп отыр. Егер зейнетақы жүйесін реформалайтын болса, басқа да жолы болуы мүмкін. Одан әбден жарнамалап алған соң, Президенттен қорқады барлығы.

Шенеунікті шетел емес, өз елін аралауға шақырды» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Өркениетті елдердегідей метро мен автобустың карталары ортақ, яғни қаладағы жалпы көлік тасымалдау бір жүйемен жүргізілуі керек. Мысалы, алған метрокартаңмен метродан шығып, автобусқа ауысқанда тасымалдау құны үшін 2-рет жолақы төлемеу керек, жүйе автоматтандырылу керек."Жеке-жеке би" болмай өркениетке, мәденеттке ұмтылу крек. Алматының жолаушы тасымалдау сапасы 1990 жылдардан аса алмай әлі жүр. Бұл масқара ғой!

Қоғамдық көлікке жұрттың талабы мен биліктің уәдесі» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Велосипедшілер өзбектердің жоғарыда отырған әкалары жүрген жолмен жүріп, жындарына тиген соң солай істеп жатқан болуы да мүмкін. Жынданған бір шенеунік: ей мыналарды құртыңдар! - дегеннің өзі жеткілікті, ары қарай ала жөнеледі. Әйтпесе велосипед апатқа себепші болса, машинаны сұрамай-ақ қой! Осы кейде біздегі мен ТМД-дағы басшыларға таң қалам, милары өкшелеріне түсіп кеткен бе, бірдеме?!

Ташкентте велосипед тепкендерге қысым күшейді» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG