Accessibility links

AzattyqLIVE: Билік белсенділерге неге шүйлікті?


Белсенді Макс Боқаев митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Белсенді Макс Боқаев митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Қазақстанда белсенділерді жаппай полицияға шақырып, кейбірін 15 тәулікке қамауға не себеп болды? AzattyqLIVE орыс тілінде өткен хабарында бұл туралы құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаевпен талқылады.

Қазақстанда осы аптаның басынан бері кейбір белсенділер мен журналистерді және саясаткерлерді ішкі істер басқармасына не прокуратураға жаппай шақыра бастады. Полиция Орал мен Астанада кей азаматтардың үйлерін тінтті.

Бірқатар азаматтар әкімшілік сот шешімімен 3 тәуліктен 15 тәулікке дейін мерзімге абақтыға қамалды. Билік бұл шараларды елде 21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық шеру өтеді деген ақпарат тарағалы бері едел-жедел жүргізіп жатыр.

Биліктің азаматтарды ұстап, тұтқындай бастауы нені білдіреді? Жаппай жазалау шараларын қолдану қандай мақсатты көздейді? Оның соңы қалай өрбуі мүмкін?

AzattyqLIVE орыс тілінде өткен хабарында бұл мәселені құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаевпен талқылады.

XS
SM
MD
LG