Accessibility links

AzattyqLIVE: Қазақстанда әйелдер құқығы шектеле ме?


Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты директоры Маргарита Өскенбаева (оң жақта) мен Азаттық журналисі Мақпал Мұқанқызы. Алматы, 9 наурыз 2016 жыл.

Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институты директоры Маргарита Өскенбаева (оң жақта) мен Азаттық журналисі Мақпал Мұқанқызы. Алматы, 9 наурыз 2016 жыл.

AzattyqLIVE психолог Маргарита Өскенбаевамен қазіргі қоғамдағы әйелдер жайын талқылады.

Қазақстанда әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдар бұл салада шешілмеген мәселелер көп екенін айтып келеді.

Олар отбасындағы зорлық-зомбылық, қыз алып қашу, қызмет пен жұмыста әйелдерге қырын қарау, жыныстық алалау сияқты әрекеттер қоғамда әлі кездесетінін алға тартады. Әйелдердің жалпы құқықтық һәм психологиялық ахуалын, қазіргі кезеңдегі қоғамдағы орнын бағалауда пікірлер әртүрлі.

AzattyqLIVE хабары қазіргі қоғамдағы әйелдердің құқығы қай деңгейде, оларға қызмет бабы мен еңбек жағдайында шеттетулер, шектеулер бола ма деген сауалдарға арналды.

Хабарға Қазақстандағы тең құқық пен мүмкіндіктер институтының директоры, психолог Маргарита Өскенбаева қатысты.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG