Accessibility links

AzattyqLIVE хабарында «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаевамен балалар мен жасөспірімдерге төнетін қауіп-қатерлерді талқылады.

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Қазақстанда ата-аналары тастап кеткен, ересектерден жәбір-жапа шеккен балалар мен жоғалып кеткен жасөспірімдер туралы хабарлар жиілеп отыр.

Сонымен бірге «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде оқушыларға суицидке баруды ұсынатын ойын түріндегі «ажал тобы» деген атауға ие топқа қатысты жағдай қоғамда резонанс тудырды. Бас прокуратураның дерегі бойынша, мұндай топтарда тіркелген қазақстандықтардың саны 40 мыңға дейін жетеді.

Маусымның 2-сі елде мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тест басталмақ, былтыр оның қорытындысынан кейін бірнеше жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпараттар тараған.

Қазақстанда балаларға қауіп-қатер қайдан? Оларды оқыс іс-қимылдан сақтандыру үшін не істеу қажет? Мемлекеттің балаларды қорғау бойынша қабылдаған шаралары нәтиже беріп отыр ма? Балаларды қорғаудың тыйым мен шектеуге негізделген әдістері тиімді ме?

«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева.

«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева.

​AzattyqLIVE хабарында бұл сауалдарға «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева жауап берді.

Орыс тілінде өткен AzattyqLIVE хабарының видеосын мына жерден көре аласыз.

XS
SM
MD
LG