Accessibility links

Астана тұрғындарға қолайлы қала ма?


Астанадағы автобус аялдамасында тұрған адамдар. 11 қазан 2016 жыл.

Астанадағы автобус аялдамасында тұрған адамдар. 11 қазан 2016 жыл.

Қазіргі заманғы «хай-тек» стиліндегі зәулім ғимараттар мен әлі күнге су құбыры тартылмаған, пешпен жылитын үйлері бар Астанада инфрақұрылымды жақсарту үшін не істеу керек? Оған тұрғындар қалай ықпал ете алады? AzattyqLIVE бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновпен талқылады.

Астанада соңғы жылдары жер телімін «мемлекет қажетіне» алуға байланысты даулар шығып жүр. Тұрғындар иелігіндегі мүлкіне берілген өтемақы көлеміне наразы болса да, сот даулы істерді көбінесе қала билігінің пайдасына шешеді. Сонымен бірге қалада қоғамдық көлік жұмысы, велосипедті жалға беру жүйесі, екі жыл бойы салынып бітпеген велосипед жолына қатысты сын айтылып келеді. Қыс мезгілінде қаланы қардан тазалау – өзекті проблемаға айналатын әдеті. Әкімшілік ғимараттары, көшелер орналасқан сол жағалаудағы көшелерді қардан тұрақты тазартып отырғанымен, оң жағалауда мүлде басқаша жағдай қалыптасады.

Тұрғындар қала инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ете ала ма? Ол үшін не істеу керек?

AzattyqLIVE тақырыпты қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновпен талқылады. Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG