Accessibility links

AzattyqLIVE: Аймақтық БАҚ қандай күйде?


Оралда шығатын «Уральская неделя» газетінің редакторы Рауль Упоров.

Оралда шығатын «Уральская неделя» газетінің редакторы Рауль Упоров.

AzattyqLIVE хабарында «Уральская неделя» газетінің редакторы Рауль Упоров аймақтық баспасөздің жай-күйін талқылады.

Қазақстандағы аймақтық баспасөз құралдары күрделі жағдайды бастан кешіріп жатыр: дағдарыс салдары және жаңа буынның Интернетке ойысуы көптеген басылымдар тиражының айтарлықтай кемуіне әсер етіп отыр. Бұған қоса, редакция бюджетінің негізгі кірісін құрайтын жарнамадан түсетін кіріс те азайған. Сонымен бірге, жыл сайын үкіметтен мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған қаржы бөлініп келеді. Бұл аймақтық баспасөзді билікке жақпайтын тақырыптан алшақ ұстануға итермелейді деген сын да айтылып жүр.

Жарнама берушілердің азаюы мен дағдарыс аймақтық газеттер жұмысына қандай өзгеріс әкелді? Басылым редакциялары мемлекеттік органдармен тапсырыс негізінде жұмыс істеуге құлықты ма? Аймақтағы газеттер кадр тапшылығын қалай шешеді? Қазақстандағы басылымдарды жаппай жабылу қаупі күтіп тұрған жоқ па?

AzattyqLIVE осы және басқа да мәселелерді «Уральская неделя» газетінің редакторы Рауль Упоровпен талқылады. Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.

XS
SM
MD
LG