Accessibility links

AzattyqLIVE: Жастардың саяси ұстанымы


Жезқазған қаласындағы алаңда жүрген жастар. (Көрнекі сурет.)
Жезқазған қаласындағы алаңда жүрген жастар. (Көрнекі сурет.)

AzattyqLIVE хабарында қазақстандық жастардың ішкі және сыртқы саясат туралы ұстанымын саясаттанушы Толғанай Үмбеталиевамен талқылап жатырмыз.

Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі елдегі жастардың саясат, экономика, дін және рухани құндылықтарға көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы қазіргі қазақстандық жастардың әртүрлі, кейде қарама-қайшы ұстанымда екенін аңғартты. Жастар еркіндік пен адалдықты, ар-намысты жоғары қоятынын айтқан. Бірақ қоғамдағы азшылық өкілдеріне төзімсіздік танытатындары да аз еместігі байқалған.

Зерттеудегі маңызды тақырып – жастардың саясатқа көзқарасы. Қауіпсіздік еркіндіктен де маңызды деп түсінетін жастар мемлекетке қатты сенетіндерін айтқан. Бірақ жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейінің жоғары екеніне шағымданған жас азаматтар саясатқа араласқысы келмейтіндерін білдірген.

12 сәуірде Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы жариялаған «Өтпелі кезең елдері» есебінде Қазақстандағы саяси жүйе сынға алынып, экономикасы қиындыққа тап болып, коррупция терең тамыр жайған елдің болашағы бұлыңғыр екендігі айтылған. Құжат авторлары ел тұрғындарының қоғамдағы ауыртпашылықтың бәріне әлемдік экономикалық дағдарысты кінәлауға бейім тұратыны – тек мемлекеттік насихаттың ғана нәтижесі емес, соған қоса өз наразылығын білдіруден қорқу да бар деп түсіндіреді. Бұл тезистердің көпшілігі жастарға қатысты зерттеу нәтижесінде айтылғандармен үндеседі.

Әлеуметтік зерттеу нәтижесі нені байқатты? Жастар ой-сенімін білдіргенде ештеңені бүгіп қалмады ма? Адал болу дегенді жастар қалай түсінеді? Олар наразылықтарын ашық айта ала ма? Қазақстан жастары демократияны керек ете ме?

Осы және басқа да жайттарды саясаттанушы Толғанай Үмбеталиевамен талқылап жатырмыз.

Орыс тілінде өтіп жатқан хабарға қоятын сауалдарыңыз бен қосатын ой-пікірлеріңізді мына форумға немесе ​+7 777 328 38 88 (WhatsApp) нөміріне жолдаңыздар.

XS
SM
MD
LG