Accessibility links

AzattyqLIVE: Үкіметтегі өзгерістердің сыры


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) қызы Дариға Назарбаевамен бірге. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) қызы Дариға Назарбаевамен бірге. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

AzattyqLIVE Қазақстан үкіметіндегі соңғы ауыс-түйістерді Орталық Азия бойынша сарапшы Толғанай Үмбеталиевамен талқылады.

Қазақстан үкіметі кезекті рет жаңартылып, бірқатар лауазымды тұлғалардың қызмет орындары ауысты: премьер-министр Кәрім Мәсімов ҰҚК басшылығына барды, оның орнын Бақытжан Сағынтаев басты. Соңғы бір жыл үкімет жетекшісінің орынбасары болған Дариға Назарбаева енді парламент сенаты депутаты болып тағайындалды. Сонымен бірге қорғаныс министрлігі, әділет министрліктері мен орталық сайлау комиссиясының басшылары да ауысты. Жаңадан дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

Сарапшылардың кейбірі бұл өзгерістерді «билік транзитіне» әзірліктің нышаны болуы ықтимал деген болжам айтады. Өзгелері оны тек экономикалық қажеттіліктен туған ауыс-түйіс деп бағалайды.

Үкімет құрамын өзгерту дәл қазір неліктен қажет болды? Орын ауысқан шенеуніктердің қайсысының «салмағы» басымдырақ болмақ? Бұл өзгерістерге көрші Өзбекстандағы оқиғалардың әсері бар ма?

AzattyqLIVE бұл жайлы Орталық Азияда демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбеталиевамен талқылады.

Онлайн-конференцияның видеосын мына сілтеме арқылы көріңіз.

XS
SM
MD
LG