Accessibility links

AzattyqLIVE офшордағы жасырын қаржы, олардың иелері мен заңдылығы және «Панамагейт» жанжалын Қазақстанда қалай қабылдағанын талқылады. Хабарға журналист Жанболат Мамай қатысты.

Панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының әшкере болған құжаттарында әлемнің бірқатар елінің басшылары мен танымал тұлғалардың осы кезге дейін жасырын болып келген офшорлық аймақтарда тіркелген компаниялары мен олар арқылы өткен аса үлкен көлемдегі қаржы туралы ақпарат бар. Зерттеушілер қаржыны жасырғандар «оны коррупциялық жолмен ұрлаған және салықтан жалтарған болуы мүмкін» деген болжам айтады.

Әшкере болған құжаттарда аты-жөні аталған Исландия үкіметі жетекшісі отставкаға кетуге өтініш берді. Ұлыбритания премьері кезінде әкесі мұраға қалдырған офшорлық компания болғанын мойындады. «Панама құжаттары» постсоветтік елдер - Украина, Әзербайжан, Ресей президенттері мен оларға жақын адамдарға қатысты тың деректерді жарыққа шығарды.

Қазақстаннан бұл құжатта Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев туралы айтылған.

«Панамагейт» құпиясын Қазақстан қоғамында қалай қабылдады? Бұл оқиға офшорлық аймақтарға деген көзқарасты өзгерте ала ма? Офшордан қаржыны қайтару үшін қандай қадамдар жасалуы керек?

AzattyqLIFE бұл жайында «Трибуна: Ашық алаң» газетінің бас редакторы Жанболат Мамаймен талқылады.

Тікелей таратылған хабардың видеосын төменнен көре аласыздар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG