Accessibility links

Армения-Әзірбайжан: Таулы Қарабақ “түйіні” бойынша халықаралық келіссөз осы аптада жалғасады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрған “Минск тобына” тең төрағалық ететін Франция мен Ресейдің және АҚШ-тың ресми өкілдері Армения мен Әзірбайжан президенттерінің өзара жаңадан кездесуін ұйымдастыру үшін осы аптада Вашингтонда жиналады. Екі елдің президенттері Ильһам Әлиев пен Роберт Кочерян өткен ақпан айында Париж іргесіндегі Рамбуйе елді-мекенінде бас қосты, бірақ ол кездесу ешбір нәтиже бермей аяқталды. Екі президенттің жаңа бас қосуының нақты уақытын жариялау – соңғы кезде армян және әзірбайжан лидерлерінің бір-біріне қарай жанға бататын сөздер айтуының салдарынан Баку мен Ереванның суып бара жатқан өзара қарым-қатынасын біршама жұмсартқан болар еді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіретін 13 елдің өкілдерінен құрылған “Минск тобы” 1992-нші жылдан бері “Таулы Қарабақ жанжалын” шешуге бағытталған келіссөздерге ұйытқы болып келді. Осы топтың АҚШ жағынан тең төрағасы болып табылатын америкалық елші Стивен Манн “таулы Қарабақ түйінен” шешу жолында үстіміздегі жыл үлкен нәтиже беруі мүмкін деп үміттенеді. Өйткені, оның пікірінше, биыл не Арменияда, не Әзірбайджан да ешқандай сайлау болмайды. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан стратегиялық және халықаралық зерттеулер Орталығының Ресей және Еуразия бойынша бағдарламасы директорының өкілі Кори Велт (Corey Welt) елшінің үстіміздегі жылға осындай үміт артуы сондай нәтижеге деген “сенімнен емес, амалсыздықтан” туса керек деп есептейді.

“Ол келісімге осы жылы қол жетуі мүмкін дегенде мынадай маңызды жайтты айтқысы келеді: екі елдің лидерлері үшін де ішкі саясат 2007 және 2008-інші жылдардағы сайлауға дейінгі кезеңде басты мәселеге айналады. Міне осылайша “Минск тобы” екі лидерді өзара келісімге келу үшін қазіргі қолайлы сәтті пайдаланып қалуға көндіріп көрмекші. Қазір оны істемесе, онда олардың алдағы уақытта өз проблемарын шеше алуы нығайбіл және олардың сыртқы жақтан қолдау табуы да екіталай”, - дейді К.ВЕЛТ.

К.Велт осы аптада өтетін бас қосуға онша көп үміт артпаған әлдеқайда ақыл болар еді деп санайды. Оның атап көрсетуінше, екі жақты келіссөз өте қатыгез теке-тіреспен өтетін түрі бар және егер олар биылғы жылға белгіленген нәтижеге жете алмаса, онда бітімге кела алмай өзара теке-тірестің әрі қарай ұласа беретін қаупі бар.

“Минск тобының” келіссөзі армян президенті Роберт Кочерян мен Әзірбайжан лидері Ильһам Әлиевтің бір-біріне қарай қатты-қатты сөздерді айтуының ізінше өтейін деп жатыр. 1-інші наурыз күні И.Әлиев Армениямен арадағы келіссөздің “тығырыққа тірелгенін” айтып, “ештеңеге қарамай” Таулы Қарабақты босатуға шақырды. Келесі күні Роберт Кочерян егер Әзірбайджан келіссөзді әрі қарай жалғастырудан бас тартатын болса, онда Армения Таулы Қарабақты ресми түрде мойындайды деп мәлімдеді. “Азаттық” Радиосының Кавказ аймағы бойынша сарапшысы Лиз Фаллер (Liz Fuller) Илһам Әлиевтің айтқанында ешқандай жаңа сөздің тың пікірдің жоқтығын айта келе, мынадай пікірімен толықтырды.

«Өткен 10-жылдықта Әзірбайжанның қарулы күштері армян армиясын жеңе алатындай халге дейін жақсарды ма деген тағы бір мәселе бар. Арменияның қорғаныс министрі Серж Саркисян Әзірбайжан жағының мәлімдемесін нағыз қауіптен гөрі, қысым жасау немесе қоқан-лоқылыққа ұқсайды деп бағалады. Ол, егер Сіз жауыңызға күтпеген жерден шабуыл жасауды көздесеңіз, онда Сіз “біз шабуыл жасаймыз деп алдын-ала хабарламайтын едіңіз деп атап көрсетті» - деді Лиз Фаллер.

Лиз Фаллердің пікірінше, Рамбуйе қалашығындағы келіссөз барысында келісімге келуден бас тарту - “ең үлкен сәтсіздік” емес, келісімді сәл кідіртті. Ол 2001-інші жылы бейбіт бітімге жеткізе жаздаған “Минск процесінің” өзіне жалпы оң баға беріп, онысын былай деп түсіндіреді.

“Қазіргі ілгерілеушілік Әзірбайжанның сыртқы істер министрі лауазымында Вилает Гулиевті Эльмар Маммадияров алмастырған кезде осыдан шамамен 2 жылдай бұрын басталды. Осы 2 сыртқы істер министрі алғашқыда Прагада, одан кейін Еуропаның өзге қалаларында тұрақты түрде кездесе бастады. Ең алдымен осылар, 3 тең төрағаның дәнекер болуымен, бірте-бірте болашақтағы ресми бейбіт бітімнің негізін қалайтын келісімнің негізгі баптарын (9 баптың 7-еуін) айқындады”, - дейді Л.ФАЛЛЕР.

Тараптардың саяси тілектерін ескере отырып, деп тұжырымдайды Лиз Фаллер, осы жылы-ақ бейбіт бітімнің негізгі баптары бойынша өзара уәжге келуі де әбден мүмкін.
XS
SM
MD
LG