Accessibility links

Әлиев отбасының Eurovision-нен «пайда тапқаны» айтылды


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы Мехрибан Әлиева Crystal Hall ғимаратының алдында тұр. Баку.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның жұбайы Мехрибан Әлиева Crystal Hall ғимаратының алдында тұр. Баку.

Әзербайжан Eurovision-2012 ән байқауына арналып салынған Crystal Hall (Кристалл Холл) ғимараты құрылысына 134 миллион АҚШ долларын жұмсады. Алайда Бакудегі бұл ірі құрылыс жобасынан президент Ильхам Әлиевтің отбасы пайда тауып отыр дейді сарапшылар.

Өткен жылғы байқауда Ell&Nikki деген атпен танылған әзербайжандық Эльдар Гасимов пен Нигар Жамал жеңіске жеткен соң Eurovision байқауын 2012 жылы өткізу құқығы Әзербайжанға берілген еді. Осы айдың аяғында Бакуде өтетін ән байқауына 40-тан астам еуропалық әншілер қатысады.

134 МИЛЛИОН ДОЛЛАРЛЫҚ ЖОБА

Әзербайжан үкіметі осы байқауды өткізу үшін 23 мың көрерменге арналған, құны 134 миллион доллар жаңа концерт сарайы – Crystal Hall-ды салды.

Тиісті мекемелер құрылысы осыдан екі апта бұрын ғана аяқталған концерт залын өз уақытында бітіруге тырысты. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның Әзербайжанда өтетін Eurovision-2012 ән байқауының белгісі. (Көрнекі сурет)

Әзербайжанда өтетін Eurovision-2012 ән байқауының белгісі. (Көрнекі сурет)

жұбайы Мехрибан Әлиеваның жиі барып тексеріп тұрғанынан-ақ ол жобаның маңызды екенін байқауға болатын.

Бірақ президент отбасы бұл жобаға тек ресми міндет немесе патриоттық тұрғыдан ғана қызығып отырған жоқ дейді сарапшылар. Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлық ​туралы жариялау жобасының, Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаилованың зерттеулеріне қарағанда, президент Ильхам Әлиевтің отбасы Azenco құрылыс компаниясындағы жасырын меншігі арқылы Crystal Hall жобасынан пайда тауып отыр.

«ПРЕЗИДЕНТ ОТБАСЫ ТҰРАТЫН ҮЙДЕГІ» ФИРМА

Бүкіл ресми хабарламаларда Crystal Hall құрылысы жобасына қатысты келісім-шарт жасалған компания ретінде германиялық Alpine Bau Deutschland AG аталды. Бірақ кейбір құрылыс жабдықтарына Azenco компаниясының мөрі басылған. Alpine Bau фирмасының Әзербайжандағы өкілі Ролф Херр Azenco-ны «қосалқы мердігер» Бакудегі Crystal Hall ғимараты.

Бакудегі Crystal Hall ғимараты.

деп түсіндіріп, оның бұл жобаға қатысы туралы басқа мәлімет айтпады. Германиядағы Alpine Bau компаниясының баспасөз қызметі де қосалқы мердігерлер мен жабдықтаушылардың қалай таңдалатыны туралы сауалдарға жауап бермеді.

Azenco – шын иелері жасырын бірқатар фирмалардың меншігі. Әзербайжандағы мемлекет меншігін жекешелендіру агенттігі 2010 жылы «Бакудегі Interenerji MMC компаниясы Azenco-ның 97,5 пайыз акциясын сатып алды» деп жариялаған.

2010 жылдың наурыз айындағы жекешелендіру мәліметтеріне қарағанда, Interenerji-дің 70 пайыз үлесі Бакуде орналасқан ADOR MMC фирмасына тиесілі. Компанияларды тіркеу құжаттарында ADOR фирмасының ресми мекен-жайы «Самед Вургун көшесі, 7-үй» деп жазылған. Бұл адресте президенттің әйелі Мехрибан, қыздары Лейла мен Арзу Әлиевалар тіркелген.

Президент Ильхам Әлиевтің баспасөз хатшысы Азер Гасимов Azenco компаниясы мен президент отбасының байланысы жайлы сұрақтарға жауап бермеді.

Экономикалық бастамаларды қолдау орталығының директоры Азер Мехтиевтің айтуынша, Әзербайжанда президент отбасының бизнесі туралы ақпарат алу – өте қиын.
XS
SM
MD
LG