Accessibility links

Әзербайжанда бензин күрт қымбаттады


Жанармай құю станциясы. Баку, 3 желтоқсан 2013 жыл.

Жанармай құю станциясы. Баку, 3 желтоқсан 2013 жыл.

2 желтоқсанның түнінде бүкіл Әзербайжанда бензиннің бағасы өзгерді. Желтоқсанның 3-і күні оянған көлік жүргізушілер бағаның 27-ден 33 пайызға дейін қымбаттағанын көрді.

Бензин мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің бағасын қымбаттату туралы шешім желтоқсанның 2-сі күні түн ортасында қабылданған.

Әзербайжанның тарифтік кеңесі химия саласы кәсіпорындары мен электр қуатын өндіретін кәсіпорындарға табиғи газды сату тарифін белгілеп, 1 текше метр газдың бағасы 42 манаттан (53,30 доллар) 80 манатқа (102 доллар) дейін өсті.

Енді бір литр бензин сортына қарай 0,7 манат (0,89 доллар) пен 0,8 маннат (1,02 доллар) аралығындағы жаңа бағамен сатылады. Бұрынғы баға 0,55 пен 0,60 манат аралығында болатын. Дизельдің бір литрі 0,45 манаттан 0,60 манатқа (0,76 долларға) дейін өсті.

Әзербайжан билігі бұл шешімінің себебін түсіндірген жоқ. Бірақ Баку қаласындағы «Қоғамдық пікірдің экономикалық бастамаларға көмегі» деген үкіметтік емес ұйымы жетекшісінің орынбасары, экономист Ровшан Агаевтің Көлігіне жанармай құйып тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Көлігіне жанармай құйып тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Азаттық тілшісіне айтуынша, бұл шешім мұнай өндіру көлемі қысқарып, мемлекеттік кіріс азаяды деген болжамға байланысты қабылданған тәрізді.

- Үкіметтің мұнай саласындағы кірісі биылғымен салыстырғанда 2014 жылы екі миллиард манатқа (2,43 миллиард доллар) азаяды. Үкімет бұл шығынның орнын бағаны өсіру арқылы толтырмақ сияқты, - дейді экономист.

Бакудегі кейбір депутаттар бензин бағасына ілесе басқа тауарлар мен қызмет бағалары да қымбаттауы мүмкін деп алаңдайды. «Қоғамдық пікірдің экономикалық бастамаларға көмегі» ҮЕҰ сарапшыларының болжамынша, Әзербайжан үкіметі келесі жылы коммуналдық қызмет тарифтерін екі есеге өсіруді жоспарлап отыр. «Судың, жарықтың және газдың да бағасы өседі» дейді экономист Агаев.

Әзербайжан тарифтік кеңесі бензин бағасын соңғы рет 2007 жылдың қаңтарында 50 пайызға қымбаттатқан. Ол кезде үкіметтің бұл шешімі жұмыс күні аяқталмай тұрып қабылдағандықтан, жұртты дүрліктіріп, жанармай құю станцияларында ұзын-сонар кезек пайда болған.
XS
SM
MD
LG