Accessibility links

Әзербайжандағы жасырын видео камералар мәселесі халықаралық дауға ұласты


Eurovision ән байқауы өтетін Crystal Hall сарайының түнгі көрінісі және байқаудың ресми логотипі. Баку, 20 мамыр 2012 жыл.

Eurovision ән байқауы өтетін Crystal Hall сарайының түнгі көрінісі және байқаудың ресми логотипі. Баку, 20 мамыр 2012 жыл.

Әзербайжанда мамырдың 26-сы күні өтетін Еurovision ән байқауы қарсаңында қонақ үйлерге жасырын видео камералар қойылғаны туралы сөз шықты. Оны адамдардың интимді сәттерін түсіріп алып, бопсалау үшін орнатқан деген шағымдар айтылған соң, Лондондағы құқын қорғау тобы Бакудегі 7 қонақүйдің басшылығынан жағдайды анықтауға тырысты. Ал Әзербайжан белсенділері "Алиев режимі билік оппоненттерін қудалап отыр" дейді.


Әзербайжандық құқық қорғаушылар Еurovision байқауына қатысу үшін Бакуге келіп жатқан қонақтарға "отельде интимдік қатынастармен айналыспауға" кеңес береді.

ҚОНАҚ ҮЙДЕ КАМЕРА БАР

Әзербайжанның «Еркін жастар» тобы Бакудегі барлық қонақ үйлерге жасырын видео камералар орнатылғанын айтып, «Оны туристерді бопсалауға пайдаланбақшы» деп алаңдайды.

Бакудегі халықаралық қонақүйлер желісінің штаб-басшылығы қонақтардың жеке өміріне араласпау саясаты бар екенін айтып, қонақтардың құқы қорғалатынына кепілдік берді.

Бірақ Бакудегі қонақүйлердің кейбірінде Әзербайжан үкіметін сынаған журналистер мен оппозиция өкілдерінің төсек қатынастарын жасырын түсіріп алған видеожазбалардан кейін "бұл елдегі қонақүйлерде құпия камералар бар" деген мәлімдемелер айтылып жатыр.

ВИДЕОМЕН БОПСАЛАУ

«Әзербайжан үкіметі тәуелсіз журналистерді жеке өміріне қатысты осындай видеолармен бопсалаған» дейді құқық қорғаушылар.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Eurovision 2012 ән байқауы өтетін Бакудегі Crystal Hall сарайын ашуға келді. Баку, 8 мамыр 2012 жыл.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Eurovision 2012 ән байқауы өтетін Бакудегі Crystal Hall сарайын ашуға келді. Баку, 8 мамыр 2012 жыл.

Соның бір дәлелі - Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің немере інісі басқаратын телеарна екі оппозициялық журналистің қонақ үйдегі төсек қатынасы туралы видеоны көрсеткен.

Сонымен қоса, Әзербайжан билігін сынап мақалалар жазған Азаттық радиосының Бакудегі тілшісі Хадиджа Исмаилованың пәтеріне де бақылау құралы орнатылып, журналисті «жігітіңмен жеке қалған сәттер түсірілген видеоны елге көрсетеміз» деп бопсалаған.

ЖЕТІ ҚОНАҚҮЙДЕН КАМЕРА ЖАЙЛЫ СҰРАЛДЫ

Әлемдегі бес мыңдай компаниядағы адам құқықтары жағдайын қадағалап отыратын, Лондонда орналасқан Business&Human Rights Resource орталығының директоры Кристофер Эйвери қонақүй иелерінің «Мұндай оқиғалардың алдын алу қадамдары жасалды» деп отырғанын айтты.

- Қонақ үйлердегі мұндай жағдайларға деген алаңдаушылық бар. Шындығында, отельдерде мұндайдың жасалып жатқанына дәлел бар. Бұл қонақ үйлердің үкіметпен бірлесіп жасаған әрекеттері ме, болмаса үкіметтің немесе Бакудегі Kempinski қонақүйі, 02 маусым 2011 жыл.

Бакудегі Kempinski қонақүйі, 02 маусым 2011 жыл.

бір адамның қысымы арқылы бөлмеге видео камералар қойылды ма, мұның бәрінен мейманхана әкімшілігі хабарсыз болды ма - біз оны білмейміз. Бірақ оқиғаға қонақ үй жауапты болуы керек, - дейді құқық қорғаушы.

Кристин Эйверидің тобы Бакуде орналасқан халықаралық қонақ үйлер желісінің корпорациялық жеті кеңсесімен хабарласып, олардан жасырын камера мәселесін сұраған.

Олар – әлемге белгілі қонақ үйлер Excelsior, Hilton, Hyatt, Kempinski, Radisson, Ramada, Sheraton. Аталған мейманханалардың басшылықтары корпорацияларда «Қонақтар құқын қамтамасыз ету тәртібі сақталады» деп жауап беріпті.

«ҚОНАҚ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛУЫ КЕРЕК»

Жасырын камераға қатысты жауап берген Excelsior қонақ үйінің қауіпсіздік басшысы “Біздің бөлмелерге жасырын камера қою мүмкін емес, себебі біз мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы күресеміз. Бізде ондай проблема болған емес және болмайды деп сендіремін” деген.

Hyatt корпорациясының жауабында “Біздің қонақ үйлер ондай жағдайлардан бейхабар болып шықты. Мұндай оқиға болған жағдайда біз дабыл қағып, барлық жайттарды тергейміз” деп жазылған.
Eurovision 2012-ге Румыниядан келген Mandinga тобы сахнада. Баку, 13 мамыр 2012 жыл.

Eurovision 2012-ге Румыниядан келген Mandinga тобы сахнада. Баку, 13 мамыр 2012 жыл.


Ramada/Wyndham Group «Рамада/Виндам» қонақ үйлер желісі өзінің франшизасын иеленген, яғни Ramada атын пайдалану құқын алған жекелеген отель басшылары қонақтар құқығын бұзған жағдайда франшизадан айрылады деп ескерткен.

Business&Human Rights Resource тобы бұл жағдайды бақылауда ұстап, Бакудегі Еurovision байқауынан кейін, қонақ үйлерден жасырын камера табылып жатса, сол отельдің штаб-пәтеріне хабарласпақ.

EUROVISION ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТА АЛМАДЫ

Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар Еurovision ән байқауына дайындық кезінде Әзербайжандағы адам құқығын сақтау мәселесі жақсармағанына алаңдайды. Илхам Әлиевті сынаушылар «Еurovision ән байқауы режимнің адам құқын бұзуын тоқтата алмады» деді. Мамырдың 21-інде Баку көшелеріне шыққан ондаған оппозиция белсендісін полиция күшпен тарқатты.
Азербайжан оппозициясының Әлиев режиміне қарсылық шеруі. Баку, 21 мамыр 2012 жыл.

Азербайжан оппозициясының Әлиев режиміне қарсылық шеруі. Баку, 21 мамыр 2012 жыл.


Мамырдың 19-ы ашылу салтанаты өткен Еurovision ән байқауы мамырдың 26-сында мәреге жетіп, жеңімпаздары жарияланады. Телеарна арқылы әлемнің 125 миллион көрермені тамашалай алатын бұл байқауға 42 елден әншілер келген. Баку бұл шараны өткізуге 134 миллион доллар жұмсайтынын хабарлаған еді.

Бірақ адам құқын қорғаушы Amnesty International сынды ұйымдар Әзербайжан үкіметі Әлиев режиміне қарсы белсенділер мен журналистерді қудалауды тоқтатпай отыр дейді.

ҚАМАУДАҒЫ ОН ЕКІ ТҰТҚЫН

Amnesty International ұйымының Әзербайжандағы өкілі Макс Тукердің сөзіне қарағанда, Баку соңғы жылдары Еurovision-ді өткізген бұрынғы совет елдерінен де артта қалып отыр.

- Егер президенттің отбасы немесе биліктегі қаржы алпауыттарының коррупциясы Шеруге шыққандарды Баку полициясы тұтқындап жатыр. 21 мамыр 2012 жыл.

Шеруге шыққандарды Баку полициясы тұтқындап жатыр. 21 мамыр 2012 жыл.

туралы айтсаңыз, сізге қауіп төнеді. Әзербайжандағы сөз бостандығы жағдайы қазір Ресей мен Украинадан да жаман, - дейді Макс Тукер.

Ол Әзербайжанда шабуылға тап болған немесе қудаланған журналистер туралы да мәліметтер келтіріп, қазір бұл елде 12 саяси тұтқын қамауда отырғанын айтты.

Макс Тукер Eurovision-ге қатысатын еуропалық елдерді «Әзербайжандағы қуғын-сүргін немесе журналистерге қарсы шабуылға наразылық танытпай, үндемей қалды» деп сынады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG