Accessibility links

Әзербайжан интернетті бақылауды күшейтпек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Әзербайжан парламенті интернетке бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Депутаттар интернет бетінде "жала жабу" мен "тіл тигізуді" қылмыстық іс деп тануды бірауыздан қолдап дауыс берді. Заң жобасы бойынша, "тіл тигізген" адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Парламент бұған қоса "әкімшілік қамауға алу" мерзімін 15 күннен үш айға дейін ұзартуды да қолдады. Әзербайжанда көбінесе оппозиция өкілдері әкімшілік қамауға алынады.

Оппозиция өкілдері заң жобасы интернеттегі өзгеше ойлауды басып-жаншуға бағытталған деп алаңдаушылық білдіреді.

Әзербайжанда оппозициялық белсенділер әдетте өз іс-қимылдарын үйлестіру үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" ұйымы президент Ильхам Әлиевті заңның қабылдануына вето қоюға шақырды. Ұйым өкілдері егер заң қабылданса, азаматтар онлайн жаңалықтар мен оқиғалардан қағылады деп санайды.
XS
SM
MD
LG