Accessibility links

Баку қашқын сарбазды Таулы Қарабахқа қайтарды


Таулы Қарабах аймағындағы армян сарбаздары Әзербайжанмен шекарада жүр.
Таулы Қарабах аймағындағы армян сарбаздары Әзербайжанмен шекарада жүр.

Әзербайжан өз аумағына биыл көктемде қашып барған сепаратист сарбазды жікшіл Таулы Қарабах аймағына кері қайтарды.

Таулы Қарабах аймағы билігінің хабарлауынша, қатардағы сарбаз Андраник Григорян Қызыл Крест комитетінің көмегімен 18 қарашада қайтарылған.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі бұған дейін 24 жастағы Григорян наурыз айында сепартистер бақылайтын аймақтағы экономикалық жағдайдың қиын екенін айтып, Әзербайжан бақылайтын территорияға өтіп кеткенін хабарлаған.

Армения қолдайтын сепаратистер 1990-жылдардың басындағы соғыста Әзербайжанның этникалық армяндар басым тұратын Таулы Қарабах аймағын басып алған еді. Соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан. Сол кезден бері шиеленісті реттеу жөнінде өткізілген бірнеше халықаралық келіссөзден әзірше айтарлықтай нәтиже шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG