Accessibility links

Әзербайжанның мұнайы мен адам құқығы сөз болды


Полицейлер оппозиция шеруіне қатысқан адамды әкетіп барады. Баку. 2013 жылдың қазаны.

Полицейлер оппозиция шеруіне қатысқан адамды әкетіп барады. Баку. 2013 жылдың қазаны.

Украинадағы дағдарыстан соң Ресейдің орнын басатын энергетикалық әріптес іздеген Батыс Әзербайжанды көздеп отыр. Бірақ АҚШ «бұл Бакудің адам құқықтарын бұзуын елемеуге сылтау емес» дейді.

Табиғи қуат көздеріне бай Әзербайжан Украинадағы дағдарыстан кейін Ресейден көңілі қалған Батыстың мұқтажын өтеуге даяр.

АҚШ-тың Мэриленд штатынан сайланған сенатор, демократ Бен Кардин: «Әзербайжанмен тығыз қарым-қатынас жасайтын болсақ, энергия мәселесіне қанша алаңдасақ та, олардың адам құқығын бұзуға қатысты әрекеттеріне көз жұмбауымыз керек» дейді Азаттыққа.

Ресей наурыз айында Қырымды аннексия жасағаннан бері Батыс жетекшілері Еуропаның Ресей газына тәуелдігін азайтып, Мәскеудің геосаяси ықпалын әлсірету мәселесін көтерген.

Еуропа Одағы мен АҚШ шенеуніктері, оның ішінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де бар, Әзербайжанның осы тұрғыда маңызды рөл атқара алатынын ашық айта бастады. Бакуге жақын салынатын, Түркия арқылы өтетін Оңтүстік газ дәлізі арқылы Ресейді айналып өтіп, Каспий газын оңтүстік Еуропаға тасымалдауға болады. Әзербайжан да америкалық саясаткерлерге қызмет көрсетіп, өзін Еуропаны энергиямен қамтамасыз ете алатын маңызды ойыншы ретінде ұсынып жатыр.

«ЭНЕРГИЯСЫНА ТӘУЕЛДІ БОЛСАҚ ТА, МІНІН АЙТАМЫЗ»

Алайда белсенділер мен сарапшылар Баку қанша тырысса да, Әзербайжанда адам еркіндігін шектеу күшейіп барады дейді. Жақында елде екі адам құқығын Әуежайда тұтқындалған азамат, Бейбітшілік пен демократия институтының директоры Лейла Юнус. Баку, 29 сәуір 2014 жыл.

Әуежайда тұтқындалған азамат, Бейбітшілік пен демократия институтының директоры Лейла Юнус. Баку, 29 сәуір 2014 жыл.

қорғаушы тұтқындалды. Сондай-ақ Түркиядан Бакуге келген журналисті «мемлекетке опасыздық жасады» деп қамады.

Карнеги орталығындағы Оңтүстік Кавказ мәселесі бойынша сарапшы Томас де Ваал осы аптада: «Баку Әзербайжан Батысты газбен қамтамасыз ететін бірден-бір мемлекет деп сенеді, сондықтан олардың сынын қабылдамайды» деп жазды.

Бакудегі АҚШ елшісі Ричард Морнингстар Әзербайжандағы адам құқығы мен демократия мәселесін айтып, Вашингтонда өткен екі жақты кездесуде оны «анық көрініп тұр» деді.

«Бір-бірімізбен сөйлескенде әркім өз ойында қалады, демократиялық құндылықтарды ұстанамыз, өзіміз көрген әрекеттердің тәртіп бұзушылық екенін көргенде ол туралы айтамыз» деді ол 30 сәуірде Хьюстонда өткен «Әзербайжан достары ассамблеясы» ұйымдастырған жиында.

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы қаржыландыратын бұл ұйым жақында Вашингтондағы APCO Worldwide жарнама компаниясымен 46 Әзербайжандағы мұнай платформалары. (Көрнекі сурет)

Әзербайжандағы мұнай платформалары. (Көрнекі сурет)

мың доллардың келісім-шартын жасасты. Екі айлық келісім-шарт бойынша, шетелдік агенттерді тіркеу туралы заңға сай, компания Әзербайжанның имиджін жақсартуға күш салады.

АҚШ-тың Пенсильвания штатының өкілі, республикашыл Чарли Дент АҚШ-Әзербайжан байланысы туралы айтқанда адам құқығын қозғамады, бірақ Азаттыққа «бұл мәселеге қатысты Американың Бакуге қысым жасауына ештеңе кедергі келтірмейді» деді.

«Бұл туралы пікірімізді ашық айта аламыз. Жағымсыз әрекеттерді көргенде үндемей қалмаймыз» деді ол.

Қымбат қонақ үйде өткен, BP және ConocoPhillips сияқты ірі компаниялар демеуші болған шарада АҚШ-тағы екі партияның да өкілдері сөйледі.

АҚШ-та 11 сәуірде «Украина дағдарысы кезіндегі еуропалық энергия қауіпсіздігі» атты шара өтіп, оған конгресс өкілдері мен шетелдік дипломаттар қатысты. Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының АҚШ-тағы өкілі Рауф Мамедов таныстыру рәсімін жасады. Огайо штатының республикашыл өкілі Майкл Тернер 58 әріптесімен бірге "Оңтүстік газ дәлізі" жобасын қолдайтынын білдірді.

ДОСТЫҚ СЫН

АҚШ мемлекеттік департаменті адам құқығы туралы соңғы баяндамасында кейінгі жылдары Әзербайжанда еркіндікті шектеу күшейгенін айтып, журналистер мен құқық қорғаушыларды «билік қорқытып, күш қолданып, тұтқындап жатыр» деді. Ақпан айында жарияланған баяндама «қисынсыз және саяси себеппен тұтқынға алу» Әзербайжандағы негізгі мәселелердің бірі екенін атап өтіп, Әлиевті қайта Шеруге шыққан адамды тұтқындау сәті. Баку, 12 қазан 2013 жыл.

Шеруге шыққан адамды тұтқындау сәті. Баку, 12 қазан 2013 жыл.

сайлаған кездегі президенттік кампанияны сынайды. Онда «репрессиялық саяси орта» қалыптасқаны, «үміткерлерге бірдей жағдай жасалмағаны» айтылады.

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігінің өкілі Эльмар Абдуллаев баяндамада айтылған пікірлер біржақты, жағдай дұрыс бағаланбаған дейді. «Әзербайжан мемлекеттік органдарымен байланыс жасап, әділ баға беруге тырыспаған, күмәнді дереккөздерден алынған мәліметке сүйенген» деді ол наурыз айында Trend агенттігіне берген сұхбатында.

Адам құқығы мәселесімен айналысатын конгресс қызметкері заң шығарушылардың америкалық дипломаттармен байланысып, Әзербайжанмен қарым-қатынас жасауын «Американың энергия мен адам құқығы мәселесін қатар алып жүретінін дәлелдемек» дейді.

Бұрын Әзербайжандағы АҚШ елшісі болған Ричард Каузларих «Әзербайжан ел ішіндегілерді жазалап, сыртқа өзін тартымды серіктес етіп көрсеткенше, адам құқығын сақтауға көңіл бөлсе табысқа жетер еді» дейді. «Егер әзербайжан билігі стратегиялық серіктес ретінде басқаларға ұнағысы келсе, қарама-қарсы бағытта қызмет етсін: саяси тұтқындарды босатып, БАҚ-ты шектегенді доғарып, елдегі адам құқына қатысты жағдайды жақсартсын» деді ол Азаттыққа.

АҚШ-тың Әзербайжандағы тағы бір бұрынғы елшісі Мэтью Брайза Вашингтонның адам құқығы мәселесіне келгенде Бакуді еркіне жіберіп қоятынына күмәні бар екенін айтты. «Менің ойымша, АҚШ шенеуніктері бұл мәселелерді екі бөліп қарамайды. Кейбіреулер АҚШ Әзербайжандағы адам құқығы мен демократияға жеткілікті көңіл бөлген емес, енді тіпті елеусіз қалдырады дейді – мен оған келіспеймін» деді ол Азаттыққа.

АҚШ-тың Әзербайжандағы қазіргі елшісі Морнингстар Әзербайжанды сынауға қатысты пікірі күмәнді естілетінін мойындайды. «Кейбіреулер менің сөзіме келісе қоймас. Бірақ біз - Әзербайжанның шынайы досымыз, олармен қарым-қатынасты нығайтуға тырысамыз» дейді ол.

Люк Джонсон мен Карл Шректің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG