Accessibility links

Мехрибан Әлиеваны ЮНЕСКО ерікті елшісі атағынан айыруды сұрады


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиевамен бірге.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиевамен бірге.

Еуропадағы баспасөз еркіндігі орталығы (European Center for Press and Media Freedom - ECPMF) ЮНЕСКО басшысы Ирина Бокованы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әйелі Мехрибан Әлиевадан "ерікті елші" мәртебесін алып тастауға шақырып, үндеу жолдады.

ECPMF үндеуінде Мехрибан Әлиеваның Әзербайжандағы "журналист Хадиджа Исмайыл мен басқа да сыни көзқарасты адамдарды қудалайтын режим өкілі" екені айтылған.

"Мехрибан Әлиеваның ерікті елші болуын мүлдем дұрыс емес деп санаймыз. ЮНЕСКО-ның журналистерді түрмеге жауып, өлтіретін және сөз бостандығы еленбейтін Әзербайжан билігінің мүшесін Ерікті елші етіп тағайындауы мүлдем жарамайды деп санаймыз. ЮНЕСКО бас хатшысы Мехрибан Әлиеваны дереу бұл атағынан айырады деп күтеміз" делінген ECPMF басшысы Херик Кофольц, вице-президенті Ханс-Ульрих Йоргес пен атқарушы директоры Лютц Мюкке қол қойған үндеуде.

Азаттықтың Әзербайжан редакциясында журналистік зерттеумен айналысатын Хадиджа Исмайылды Баку соты 1 қыркүйекте «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деп айыптап, жеті жарым жылға соттаған.

Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігі Хадиджа Исмайылды биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің, оның ішінде президент Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің "қаржылық қылмыстарға қатысы бар" екені туралы зерттеу материалдары үшін соттады дейді.

Исмаилова өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы оны "ар-ұждан тұтқыны" деп таныған.

XS
SM
MD
LG