Accessibility links

Әзербайжанның тұңғыш президенті отанына оралды


Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталлибов, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталлибов, 21 желтоқсан 1991 жыл.

Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталлибов шілденің 7-сі күні еліне оралды. Оның отанынан қуылғанына 20 жыл болған еді.

Муталлибов елге келуіне көмектескендерге алғыс айтты. Болашақ жоспарлары, басқа да пікірлері жайында әзірге жақ ашпады.

Әзербайжанның тұңғыш президентінің елге қайтуына жақында қабылданған "Экс-президент мәртебесі туралы" заң мүмкіндік берді. Жаңа заң бойынша, бұрынғы мемлекет басшылары қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Аяз Муталибовқа қарсы қылмыстық іс Совет армиясының 1990 жылы қаңтар айында Бакуге басып кіруіне, сол кезде болған адам өліміне қатысты қозғалған еді. Бұдан өзге оған "мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды" деген де айып тағылды.

Бір жыл бұрын Әзербайжан билігі Муталлибовке баласының жерлеу рәсіміне қатысу үшін еліне келуге рұқсат еткен. Муталлибов сол сапарында Гейдар Алиевтің зиратына барып, тағзым етті. Ол сонда марқұмның "әзербайжан мемлекеттілігін қалыптастыруға сіңірген еңбегі мен өзінің саяси қызметінің өсуіне еткен ықпалын" айтыпты.

Маусым айының соңында 74 жасқа келген Аяз Муталлибов Әзербайжанның социал-демократиялық партиясының тең төрағасы қызметінен кеткенін, енді саясатқа араласпайтынын мәлімдеді.

Жаңа заң бойынша, экс-президент отбасының шығындары (күзеті, көлігі) мемлекеттің мойнында болады.
XS
SM
MD
LG