Accessibility links

AzattyqLIVE: Сайлау нәтижесі белгілі, билік ауысу сценариі бұлыңғыр


Саясаттанушы Расул Жұмалы (оң жақта) және журналист Айнұр Әлімова. Алматы. 12 қазан, 2015 жыл.

Жексенбі күні Беларусьте президент сайлауы өтті. Сайлау қарсаңында-ақ қазіргі президент Александр Лукашенконың жеңіске жететіні белгілі болған еді. Ол елді 20 жылдан астам басқарып келеді.

Минскі мен Астана арасы - мыңдаған километр. Бұған қарамастан Беларусь пен Қазақстан саяси жүйелерінің ұқсас тұстары көп. Екі елді де 1990-жылдардан бері бір ғана адам билеп келеді. Екі президенттің де билеу тәсілі авторитарлық. Сайлаулары да айнымайды. Бұған қоса, екі елде де билік ауысуы сценариі бұлыңғыр.

​Сайлаудан кейінгі Беларусь және Қазақстандағы саяси ахуал. Бұл – AzattyqLIVE бағдарламасының осы жолғы тақырыбы. Саясаттанушы Расул Жұмалы осыған қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз пікірімен бөлісті.

Сұхбаттың екі бөлімін де төмендегі видеолардан көре аласыз:

1-бөлім

2-бөлім

XS
SM
MD
LG