Accessibility links

Беларусь оппозициясына қарсы сот басталды


Оппозиция өкілі, президенттікке экс-кандидат Андрей Санников сот отырысында. Минск, 27 сәуір 2011 жыл.

Оппозиция өкілі, президенттікке экс-кандидат Андрей Санников сот отырысында. Минск, 27 сәуір 2011 жыл.

Сотқа тартылғандардың арасында Беларусьте 2010 жылы желтоқсан айында өткен президенттік сайлауға түскен оппозициялық кандидат Андрей Санников та бар.


Бұрынғы сыртқы істер вице-министрі, «Хартия-97» адам құқын қорғау тобын құрушылардың бірі, 57 жастағы Санников желтоқсанның 19-ында өткен президент сайлауынан кейін «елде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деген айыппен сотқа тартылған. Егер ол айыпты деп табылса, 15 жыл түрме жазасын алуы мүмкін.

ОППОЗИЦИЯҒА ҚАРСЫ СОТ

Санников өзіне қарсы айыптарды оқып берген сот өкілін үнсіз тыңдап алған соң, өзінің еш кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.

Беларусь билігі «үкіметке қарсы рұқсат етілмеген шеру өткізді» деген айыппен оппозициялық экс-кандидат Санниковпен қоса 11 белсендіні сотқа тартып отыр.

Өткен жылғы даулы президент сайлауынан кейінгі шеруге қатысқан оппозиция белсенділерінің жетеуіне сот үкімі шығып үлгерді. Оларға екі
Беларустегі Хельсинки комитетінің жетекшісі Алех Хулак. Минск, 26 сәуір 2010 жыл.
жылдан төрт жылға дейінгі түрме жазасы берілді. Санниковтың сайлау науқанындағы сенімді өкілі Дмитрий Бондаренко «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айыппен 2 жылға сотталды.

«АЙЫПТАЛУШЫҒА ҚАРСЫ АЙҒАҚ ЖОҚ»

Құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, айыптаушылар бұл сотты ешбір қылмыстық айғақсыз жүргізіп жатыр. Беларустегі Хельсинки комитетінің жетекшісі Алех Хулак «Санниковтың соты әділ өтеді» дегенге үміті аз екенін айтады:

– Біз кәсіби орашолақтықтың анық мысалын көріп отырмыз. Олар бұл жағдайға қатысты ешбір айғақ, дәлел жоқ болған соң өз ойларындағы әлдебір теорияға сәйкес бір деректерді тауып шығаруға тырысып жатқан болар. Бәрі де түсінікті ғой. Бір анығы – бұл істі дұрыс бағалап, жүргізе алатын сот жоқ, – дейді Алех Хулак.

Батыс елдері Санниковтың сотын бақылап отыр. Европа Беларусьтегі бейбіт шерулерді күшпен басып тастағаннан кейін ел президенті Лукашкено мен оған жақтас жүз шақты адамның Батысқа баруына тыйым салынды.

«ӘДІЛ СОТ ЖОҚ»

Санниковтың анасы Алла баласына қатысты соттың оң шешім шығаратынына күмәнмен қарайды:

– Адвокаттары оның еш кінәсі жоғын айтады. Бірақ мен соттың шоумен басталғанын көріп отырмын. Бұл – өте қорқынышты. Онда ешқандай құқық, заң немесе әділ соттар жоқ. Заң жұмыс істеуі керек. Мен құдайға сыйынып отырмын, – дейді ол.

Беларусьте оппозицияға қарсы соттар Лукашенко үкіметі экономикалық дағдарысты бастан кешіп, қиындықтарға тап болған кезеңмен тұспа-тұс келді.

Беларусь режимін сынаушылар «Лукашенко экономикалық дағдарысқа қатысты халықтың наразылығын басу үшін сайлаудан кейінгі шерушілерді күшпен басып-жаншып тастады» дейді.
XS
SM
MD
LG