Accessibility links

Аспаннан аю жауған соң студент тұтқындалды


Ойыншық қонжықтарды лақтырған ұшқыштар. YouTube сайтынан алынған скрин-шот. 4 шілде 2012 жыл.
Ойыншық қонжықтарды лақтырған ұшқыштар. YouTube сайтынан алынған скрин-шот. 4 шілде 2012 жыл.
Беларусь КГБ-сы 20 жастағы студент Антон Сурапинді «Швеция компаниясы ұйымдастырған акцияға қатысты» деген айыппен тұтқындады.

Елдің айтуынша, Швецияның PR компанияcы Беларусь территориясына рұқсатсыз ұшақ жіберіп, аспаннан 1000-ға жуық ойыншық қонжық жаудырған.

Студент «әуедегі акцияның фотосуреттерін менің поштама әлдекімдер салып жіберіпті. Мен бар болғаны ол суреттерді веб-сайтыма шығарып қойғаннан басқа ештеңе де жасаған жоқпын» деді. Бірақ оны бәрібір 7 жылға соттауы мүмкін.

Ал шведтік белсенділер «Біз Беларусь әуе жолын заңсыз бұзып, президент Александр Лукашенко режимінде сөз бостандығының шектелуіне қарсылық ретінде жекеменшік ұшақтан ойыншық жаудырдық» деп мәлімдеген.

«ҚОНЖЫҚҚА БОЛА - ЖЕТІ ЖЫЛ»

«Көктен түскен» ойыншық қонжықтардың суретін интернетке мыңдаған адам шығарып қойған. Бірақ осындай әрекеті үшін Беларусь КГБ-сы жалғыз студентті түрмеге қамаған.
Қонжықтың суретін интернетке ілгені үшін тұтқындалған Антон Сурапин.
Қонжықтың суретін интернетке ілгені үшін тұтқындалған Антон Сурапин.

Шілденің 17-сі күні Минскідегі билік өкілдері фотограф Антон Сурапиннің қамаудағы мерзімін тағы да 10 күнге созды.

Беларусь жеріне швециялық фирма шілденің 4-інде «қонжық жаудырды». Ал Беларусь мемлекеттік университеті журналистика факультетінің студенті шілденің 13-і күні тұтқындалды.

Студентті енді «шетелдіктердің Беларусь жеріне заңсыз өтуіне көмектесті» деп айыптамақ. Бірақ оған тағылған айыптың ойыншық аюларға қатысы шамалы. Қылмыстық іс негізінен Беларусьтегі сөз бостандығының шектелуіне қарсы осындай қызық шара өткізген шведтік белсенділерге қарсы қозғалған. Соған қарамастан, Антон Сурапиннің 7 жылға сотталуы мүмкін.

«ӘУЕДЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП»

«Беларусски партизан» деп аталатын тәуелсіз веб-сайт пен адам құқығын қорғаумен айналысатын charter97.org сайты шілденің 17-сі күні «Сиархей Башамирау есімді азамат 11 күннен бері қамауда отыр» деген ақпарат таратқан.
Ұшақтан лақтырған ойыншық қонжықтар. Беларусь, Ивенец қаласы, 4 шілде 2012 жыл.
Ұшақтан лақтырған ойыншық қонжықтар. Беларусь, Ивенец қаласы, 4 шілде 2012 жыл.
Айтылған деректерге қарағанда ол әуедегі акцияға қатысқан швед азаматының пәтер жалдауына көмектескен. Сондықтан оған да «Беларусьтің мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен «ұйымдасқан қылмыстық топқа» жәрдемдесті» деген айып тағылған.

Ал Беларусь үкіметі «қонжықтар оқиғасының» болғанын жоққа шығарды. Олар «шведтер түсірген видеолар - жасанды, жалған; жалпы бұл - арандату әрекеті» деп мәлімдеді.

Елдегі ресми БАҚ «болмаған оқиғаға» байланысты қылмыстық істің қозғалғаны жайлы ақпаратты таратпай отыр.

Ивенец қаласының тұрғындары Светлана Турко мен Вольга Галаванова қаланың үстінен ұшақтың өткенін, ұшақтан лақтырған қонжықтар қара қапшықтарға салынғанын Азаттықтың Беларусь қызметіне әңгімелеп берді. (Видеода)
Ұшақтан жауған ойыншық қонжықтарды көрген куәлардың айтқандары
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Антон Сурапиннің анасы Елена Сурапина Азаттық радиосының Беларусь қызметі тілшілеріне берген сұхбатында:

- Интернетте тұрған фотосуреттерді менің балам түсірген жоқ. Тіпті ол ойыншық жауған жерге жақын маңда да болмаған. Бұл - барып тұрған ақымақтық. Балам оқиға болған жерге өмірі барып көрмеген. Мына іс адамның күлкісін келтіреді. Заңгер маған «Іс бойынша баптарды қарап, жұмыс жасап жатырмыз. Оның еш кінәсі жоқ» деді.
Ұшақтан жауған ойыншық қонжықтар. Беларусь, Ивенец қаласы, 4 шілде 2012 жыл.
Ұшақтан жауған ойыншық қонжықтар. Беларусь, Ивенец қаласы, 4 шілде 2012 жыл.

Фотосуреттерді түсірген - менің балам емес. Суреттерді оның түсірмегені айдан анық. Себебі, ол үйге келіп, «Менде қызық сенсация бар. Маған біреулер интернет арқылы бір суреттерді салып жіберіпті» деді. Бар болғаны - осы, - дейді.

Ал Швецияның Studio Total фирмасы бұл оқиғаға қатысты «Литва шекарасының жанындағы Беларусьтің Ивенец қаласына саяси ұрандар жазылған 1000 дана ойыншық аю жаудырдық» деп мәлімдеді.

«АСПАННАН АЮ ЖАУҒАН КҮН»

Ойыншықтар тасталған кезде Ивенец қаласында жүрген фирма құрылтайшыларының бірі Пьер Кромвель «Компания ұшақты Литвадан ұшырғанын, акцияның 90 минуттық видеосының шын болған оқиға екенін дәлелдей алатынын» айтқан.
Ойыншықтарға ілінген саяси мәлімдемені ұшқыш оқып отыр. 4 шілде 2012 жыл.
Ойыншықтарға ілінген саяси мәлімдемені ұшқыш оқып отыр. 4 шілде 2012 жыл.

Шілденің 17-сі күні Литваның қорғаныс министрі Раса Джукневисиен charter97.org сайтына «Шілденің 4-і күні Литвадан Беларусь әуе кеңістігіне қарай ешқандай ұшақ өткен жоқ» деп хабарлады.

Бірақ The Baltic News Agency агенттігі «5 шілде күні Литваның әуе қорғанысы қызметі бір күн бұрын шекараны кесіп өткен ұшақты байқағандарын айтты» деген ақпарат таратып отыр.

Аты-жөні айтылмаған әскери офицер «Ол ұшақтың қонжықтарға қатысы бар ма, жоқ па - айта алмаймын» деген.

Белсенділердің ұшақтан қонжықтарды лақтырып жатқан сәті:

XS
SM
MD
LG