Accessibility links

Лукашенконың оқыс сөздері цензураға ілінеді


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Киев, 18 маусым 2013 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко. Киев, 18 маусым 2013 жыл.

Беларусь президенті Лукашенко мен большевиктер көсемі Лениннің ұқсас жері - цензура. Олардың сөздерін өздері құрған режим кесіп тастайды.

Беларусь ақпарат құралдары президент Александр Лукашенконың оқыстан айта салған пікірлерін жарияламай, қиып тастауды жиілетті.

ҮЙРЕНШІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Жодино қаласындағы БелАЗ автомобиль зауытына барған Александр Лукашенко «Қазір әйелдерді, отбасын қолдау туралы айтып жүрміз. Маған «Үлкен отбасы» жобасын ұсынды. Ол жоба бойынша үкімет бірінші балаға - 10 мың доллар, екінші балаға - 20 мың доллар төлейді. Үшінші бала дүниеге келгенде тағы екі еселейміз. Егер осы есепшотқа өзің де ақша салсаң, оны тағы екі есе арттырамыз» деген еді.

​«Наша Нива» тәуелсіз газеті президенттің бұл айтқанын есептеп шыққан. Егер Александр Лукашенко сайлауда дауыс берген соң журналистермен сөйлесіп тұр. Минск, 23 қыркүйек 2012 жыл.

Александр Лукашенко сайлауда дауыс берген соң журналистермен сөйлесіп тұр. Минск, 23 қыркүйек 2012 жыл.

үкімет ондай жобаны іске асырса, жылына 2 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы бөлуі керек болады. Бүкіл экономикасы 63 миллиард доллар ғана болатын мемлекет үшін бұл - орындалмас қиял.

Билік өкілдері бұл сөздің абайсызда айтылғанын тез түсінген сияқты. Лукашенконың ол мәлімдемесін мемлекеттік ақпарат құралдарының ешқайсысы шығармады. «Белта» ақпарат агенттігі де, президент веб-сайты да, мемлекеттік «Советская Белоруссия» газеті де Лукашенконың сөзін жариялаған жоқ. Сөйтіп, Беларусь президентінің мәлімдемесі цензурадан өтпей қалды.

Лукашенконың оқыс сөздері бұған дейін де талай қысқартылған еді.

«Белта» агенттігі жақында «белорустардың девальвациядан қорқып, ақшаларын еркін айырбасталатын басқа валютамен сақтайтыны» туралы мақала жариялады. Бірақ ол материалдан Лукашенконың жұрттың валюта айырбастау пунктеріне жүгіргенін телеарна арқылы сынаған сөзін алып тастаған.

Бұл - демократиялық жүйеге көшпеген елдерге тән жағдай. Сену қиын, бірақ большевиктер көсемі Владимир Лениннің сөзіне де цензура жасалған. Көсемнің толық жинақтарының біразы баспа бетін көрмеді. Баспагерлер оның кей жазбаларын шектен шыққан «әсіреқызыл» санаса керек.

«ОЙЛАНБАЙ АЙТЫППЫН»

Лукашенконың ойланбай сөйлей салатыны бұрыннан белгілі. 1995 жылы ол «Танымал тұлға Адольф Гитлерге қатысты жайттың бәрін жаман деуге болмайды» деп қалған еді. Президентті қолдаушылар әлі күнге оның бұл сөзін ел есіне түсірмеуге тырысады.

Тағы бірде ол «белорус тілі өте кедей, бұл тілде ойыңды толық жеткізе Александр Лукашенко мотоцикл мініп келеді. Минск, 18 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Александр Лукашенко мотоцикл мініп келеді. Минск, 18 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

алмайсың» деген. Екі жылдан соң президент осы сөзінен үзілді-кесілді бас тартып, «қайда және қашан айтқанымды дәлелдеген адамға миллион доллар беремін» деп мәлімдеді.

​1997 жылы бір журналист Лукашенкодан «66 жастағы Ельцинді неге 80 жаста дедіңіз?» деп сұрағанда ол «Расымен де түсінбей қалдыңдар ма? Аузымнан шығып кетті. Қалай 15 жыл қосып жібергенімді өзім де білмеймін. Жұрт назарын аудару керек қой. Расында да, бірден елдің бәрі қарай қалды» деді.

Кейде Лукашенко өзінің артық кеткенін біліп, өкініп те қалады. Өткен айда «шетелден сапалы тауар алуға баратындар үшін 100 доллар баж салығын енгізейік» деген ұсыныс жасады. Кейін өзі «Ойланбай айтыппын. Зияны өзіме тиді» деп, өз сөзінен өзі айнып шықты.

Валерий Карбалевичтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG