Accessibility links

Сараевода соғыстың табы әлі бар


Сараевода 1992 жылғы қоршауда қаза тапқан 11 мың 541 адамды еске алу құрметіне 11 мың 541 бос орындық қойылды. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

Сараевода 1992 жылғы қоршауда қаза тапқан 11 мың 541 адамды еске алу құрметіне 11 мың 541 бос орындық қойылды. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

Осыдан 20 жыл бұрын босниялық серб күштері Сараево қаласын 44 ай бойы қоршап тұрды. Сол оқиға кезінде мыңдаған адам құрбан болған Сараевода соғыстан қалған белгілер әлі бар.

Көңілді, жайдары жүретін 43 жастағы Стана Чишичті снайпердің оғынан қаза тапқан сәбидің анасы деп ойламайсыз.

– Отбасымыздың таянышы Стананы ешнәрсе жасыта алмайды, – дейді оның күйеуі Самир.

Самир Босния соғысы кезінде мерт болған қызын есіне алғанда кейде өзінің де жылап алатынын айтады.

ҚОРШАУДАҒЫ 44 АЙ

Стана Чишич 1993 жылы қазан айында бір жастан сәл ғана асқан қызы Иринаның қалай көз жұмғанын айтып берді.

– Бір жасқа толған туған күнінен төрт күн өткен соң таза ауа жұту үшін далаға шыққанбыз. Ол бір керемет күн еді. Атыс тоқтаған кезде далаға шығатынбыз. Бірақ сол күні қызымызға снайпердің оғы тиді. Дереу ауруханаға жеткіздік, оған шұғыл операция жасалды. Дәрігерлер қызымызды аман алып қалуға тырысты. Бірақ ол тым кішкентай, нәзік еді - Самирдің қолында көз жұмды, – дейді Стана Чишич.

Ирина – халқының басым бөлігі мұсылман Босния мен Герцеговина Стана Чишич пен Самир және қыздары Иринаның 1990-жылдардағы суреті.

Стана Чишич пен Самир және қыздары Иринаның 1990-жылдардағы суреті.

Югославиядан бөлінбек болған кезде босниялық серб күштерінің Сараевоны 44 ай қоршауы тұсында мерт болған жүздеген баланың бірі.

Ол оқиға кезінде Сараево тұрғындарына оқ жаудырылып, қалада электр жарығы үзіліп, азық-түлік тасымалы тоқтап қалды. Қаладағы жағдай туралы хабар көп тараса да, БҰҰ күштері жүрсе де, оқиғаға халықаралық қауымдастық араласа алмады.

Сөйтіп Сараево қазіргі Еуропа тарихындағы ең ұзақ қоршауға тап болды. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі Ленинград блокадасы да одан бір жыл аз болған еді.

«ЭВОЛЮЦИЯ ЕМЕС – РЕВОЛЮЦИЯ»

Сараево тұрғындары сол оқиғаның басталуының 20 жылдығын атап өтуге кірісіп жатыр.

Сәуірдің 6-сындағы еске алу шараларын ұйымдастырушы театр директоры Харис Пашовичтің айтуына қарағанда, көп ұлтқа ортақ мұраны сақтап қалғысы келетін Сараево тұрғындары соғыс кезінде айырылған достары мен туыстарын еске алып, бірлесіп қайғыра алады. Ресми мәлімет бойынша, Сараево қыспақта қалған кезде 11 мың 541 адам қаза болған.

Қазір Сараевода жұрт жиналып, тынығатын кафелер көп. Бірақ қалада соғыстың ізі Қала тұрғындары 44 ай қоршау кезінде қаза тапқан 643 баланың аты-жөні жазылған тақтаның алдында тұр. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

Қала тұрғындары 44 ай қоршау кезінде қаза тапқан 643 баланың аты-жөні жазылған тақтаның алдында тұр. Сараево, 6 сәуір 2012 жыл.

әлі де анық байқалады. Жаңадан көп қабатты үйлер, сауда орталықтары, мешіттер салынғанымен көптеген ғимараттарда оқ іздері қалған. Соғыс кезінде қиратылған Ұлттық кітапхана да толық қалпына келтірілмеген.

Тұрғындар мұны биліктің дәрменсіздігінен көреді.

1995 жылы Босниядағы соғыстың аяқталуына себеп болған Дейтон келісімдеріне қол қойылған соң құрылған үкімет жүйесі негізінен тиімсіз болып отыр. Этникалық тараптар қарсыласып жатқан Боснияда 16 ай бойы үкімет болмады.

Осы аптада ел президенті Хорватияның алдағы жылы Еуропа Одағына қосылуының салдарын талқылау үшін конференция өткізуге шақырды. Кей тұрғындар «бұл әңгіме осыдан бес жыл бұрын басталуы тиіс еді» дейді.

Соғыс кезінде Сараево радиосында жұмыс істеген, қазір қаладағы ақпарат орталығын басқаратын Боро Контичтің айтуынша, Босния «эволюция емес, революция елі болып қалды».

– Елімізде диалог жоқ. Біз әлі де соғыс кезіндегі сияқты окопта өмір сүріп жатқан сияқтымыз, – дейді Контич.

«ПАСХА ДА, РАМАДАН ДА, РОЖДЕСТВО ДА – ОРТАҚ»

Соғыстан көп зардап шеккен тұрғындардың басым бөлігі Босния мен Герцеговинаның мұсылмандар, сербтер және хорваттар бейбіт өмір сүретін ел болуын қалайды.

Қазір 12 және 16 жастағы екі қызы бар Стана Чишич те татулықты жақтайды. Стана Чишич пен оның ері Самир. Сараево, 4 сәуір 2012 жыл.

Стана Чишич пен оның ері Самир. Сараево, 4 сәуір 2012 жыл.

Католик пен православ әке-шешеден туған Стананың күйеуі Самир – мұсылман.

– Үйде мейрамдардың бәрін – католиктердің Пасхасын да, Рамаданды да, Рождествоны да тойлаймыз, – деп күледі ол.

Стана мен Самир Иринаның ажалына себепкер оқты әлі сақтап жүр. Екі қыздары апайларын кім өлтіргенін сұраған кезде соғыс туралы айтатын Стана әңгімені ұлтаралық алауыздыққа жанастырмауға тырысады.

Сәуірдің 6-сы күні Стана Чишичті Сараевоға емес, Белградқа шақырып, Ирина туралы айтып беруін өтінді.

– Мұның маған түк қиындығы жоқ. Қызым жайлы айта бергенді жақсы көремін. Қызымды сөз еткенде оның әлі осында екенін сеземін, – дейді Стана.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG