Accessibility links

Босниядағы араздық олимпиада кезінде де байқалды


Босния мен Герцеговина құрамасы (бірінші қатарда солдан оңға) Игорь Лайкерт, Жана Новакович және Таня Каришик.

Босния мен Герцеговина құрамасы (бірінші қатарда солдан оңға) Игорь Лайкерт, Жана Новакович және Таня Каришик.

1984 жылы Сараевода өткен қысқы олимпиадалық ойындардан 30 жылдан кейін Босния мен Герцеговина бес спортшысын Сочиге жіберді. Бірақ тәуелсіздік алғанына 25 жыл өтсе де, екі ел бір тудың астында өмір сүруге әлі де көндіге алмай отыр.

Кез келген елдің азаматтары олимпиада ойындары кезінде өз командасы маңына топтасуға тарысады.

Қаңтардың аяғында Босния мен Герцеговинаның олимпиадалық комитеті Боснияның Серб республикасы Пале қаласының этникалық сербі, тау шаңғышысы Жана Новковичті Сочи олимпиадасының ақпанның 7-сіндегі ашылу рәсімінде олимпиадалық команданың ту ұстаушысы ретінде таңдады.

"Біздің олимпиадалық команданы қолдауға келген баршаңызға сәлем жолдап, алғыс айтқым келеді. Мен, Жана Новакович – Босния мен Герцеговинаның Сочидегі олимпиада ойындарындағы өкілімін. Слалом мен үлкен слалом бойынша өтетін жарысқа қатысамын. Егер жаттығу кезіндегідей шеберлік көрсетсем, Сочиде жақсы көрсеткішке жетемін деп үміттенемін" деді Жана Новакович.

Бұл таңдау көп ұлтты Боснияда дау тудырып, жұрттың көбі «ту ұстау құрметіне мұсылман-хорват федерациясының шаңғышысы Игорь Лайкерт лайық еді» деп наразы болды.

ЖАЗЫЛМАҒАН ЖАРА

Бұл дау 1992 жылы бұрынғы Югославия ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін жариялап, кейін аймақтағы негізгі этникалық және діни топтар – православ сербтер, католик хорваттар және мұсылман босниялықтардың арасындағы қантөгіске ұласқан елдегі жазылмаған жарадан хабар береді. Соғыс кезінде Жана Новаковичтің туған қаласы Пале Босния сербтерінің астанасына айналып, Сараевоны қоршау кезіндегі соғыс қимылдарына басшылық сол қаладан жүргізілген.

Солтүстіктегі Тузла қаласының тұрғыны, зейнеткер Мария Майя Юрченко «ту Босниялық Мария Майя Юрченко. Тузла, 3 ақпан 2014 жыл.

Босниялық Мария Майя Юрченко. Тузла, 3 ақпан 2014 жыл.

ұстау құрметіне ие болған спортшының қай ұлттан екені мен үшін маңызды емес» дейді.

– Мен ешкімді «мынау Боснияның басқа жағынан екен» деп бөле-жармаймын. Менің білетінім – олар Босния мен Герцеговинаның намысын қорғайды. Менің анам Хорватияда, әкем Сербияның солтүстігіндегі Воеводина қаласында туған. Аталарым – Украинадан, ал өзім Боснияда туғанмын, – дейді Мария Майя Юрченко.

«Сочиге келген бес спортшының бәрін қолдайсыз ба?» деген сұраққа Сараеводан шамамен 60 шақырымдай жердегі Коньич қаласының 42 жастағы футбол жаттықтырушысы Адис Обад та осылай жауап береді.

"Әрине, қолдаймын. Бәріне бірдей 100 пайыз жанкүйер боламын. Бір ғана Босния мен Герцеговина бар. Олардың аты-жөні кім, маған бәрібір. Ең бастысы, олар осындай жарыстарға қатысып, Боснияның намысын лайықты қорғаса болды" дейді Адис Обад.

Бірақ париоттық құлшынысы төмен жандар да табылады. Боснияның футбол Босниялық футбол жаттықтырушысы Адис Обад. Конич, 3 ақпан 2014 жыл.

Босниялық футбол жаттықтырушысы Адис Обад. Конич, 3 ақпан 2014 жыл.

командасы 2013 жылдың қазанында ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына іріктеуден өтті. Сараево мен елдің көп бөлігі мерекелей бастағанда, Серб республикасының бас қаласы Бане-Луке жұрты бұл жаңалықты немқұрайды қабылдады. Сараеводағы Source.ba сайтында сол кезде жанкүйерлер қалдырған пікірлер бар.

Жанкүйерлердің бірі «Біз Боснияны емес, Сербияны бақылап отырмыз. Сербия өтсе жақсы болар еді» деп жазған.

Тағы бір жанкүйер «Мен Босния үшін қам жемеймін, Серб Республикасы үшін ғана күйемін» деп жазған.

САРАЕВОДАҒЫ ОЙЫНДАРДЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ

Сочи ойындары Сараевода 1984 жылы өткен қысқы олимпиадалық ойындардың 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Ол кезде жұрттың көбі Сараево ойындарын «көп ұлтты елдегі этностар бейбіт қатар өмір сүріп жатыр дегенді боямалап Санда Дубравчич (оң жақ шетте) Босния мен Герцеговина құрамасымен бірге тұр. Яхорина, 1 ақпан 2014 жыл.

Санда Дубравчич (оң жақ шетте) Босния мен Герцеговина құрамасымен бірге тұр. Яхорина, 1 ақпан 2014 жыл.

көрсету» деп санаған. Ақпанның 8-інде өткен олимпиаданың ашылу рәсімінде Югославияның туын словениялық тау шаңғышы Юре Франко алып жүрді. Үлкен слалом жарысына қатысқан ол Югославияның қысқы олимпиадаға қатысу тарихында тұңғыш медальды (күміс) жеңіп алған болатын. Ал Олимпиада алауын хорваттық мәнерлеп сырғанаушы Санда Дубравчич жаққан еді.

Сараевода тұратын профессор, 1984 жылғы ойындарды ұйымдастырушы Любиса Жецевичтің айтуынша, Сараеводағы олимпиадалық ойындар «келешекке жасалған қадам» еді, бірақ кейбір жандарға «мұндай келешек» ұнамады». Ол Олимпиада ойындары «интеграциялық рухты» қайта көтеруге көмектеседі деп үміттенеді.

1984 жылы олимпиаданың жауапты ұйымдастырушылардың бірі Хайруддин Сомун «Австрия-Венгрияның эрцгерцогы Франц Фердинанд Сараевода өлтіріліп, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған 1914 жылдан бері ұмыт қалған Сараево Олимпиада кезінде бүкіл әлемнің аузынан түспеп еді» деп қынжылады.

«ЖАҢА ОЙЫНДАРҒА ДАЙЫН ЕМЕСПІЗ»

Босния халқы 1984 жылғы бірлік пен ынтымақтастықты тағы танытуға әзір ме белгісіз. «Сараевода тағы бір олимпиада өткізу мүмкін бе?» деген сұраққа жергілікті журналист Ахмед Бурич бұл «2014 жылы Сирияда әлем чемпионаты өтеді деп күтумен тең болар еді» дейді.

"Боснияда олимпиада өткізуді қолдаймын. Бірақ қазіргі жағдайда біз 1984 жылғыдай бірлік таныта алатынымызға сенімім жоқ. Бұл идеяны халықтың көпшілігі қолдар еді, бірақ меніңше, бұдан ештеңе шықпайды" дейді Ахмед Бурич.

Тузла қаласында тұратын журналист Бедрана Калетович те оның пікірін құптайды.

"Біздің елдегі жағдай бұған мүмкіндік береді деп ойламаймын, бұл күйге жеткізген өзіміз" дейді ол.

(Мақала авторы - Азаттық тілшісі Сельма Борачич).
XS
SM
MD
LG