Accessibility links

Ресей мен Грузия бейбіт келісім жоспарын мақұлдасты


Жүздеген адам құрбан болып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалған бес күнге созылған әскери шабуылдардан кейін Грузия мен Ресей ЕуроОдақ қолдауындағы бейбіт келісімге мойынұсынды.

Грузия президенті Михаил Саакашвили жергілікті уақыт бойынша сәрсенбінің таңсәрісінде бұл жоспарды қабылдайтындығын теледидардан берілген тікелей хабарда айтты.

Одан ертерек, демек сейсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Грузиядағы әскери қимылдарды тоқтатуға бұйрық беріп, "агрессор жазаланды" дей келіп, бейбіт жоспармен келісетіндігін айтқан болатын.

Ресей-Грузия әскери қимылдарының хронологиясын осы арадан көріңіз /бейнетаспа/


Келісім бойынша Ресей және Грузия әскерлері шабуылдарды дереу тоқтатып, өздерінің бастапқы бағыттарына қайтып баруы жөнінде талап қойылып және Грузияның бөлініп кеткен аймақтарының болашақ мәртебесі турасында халықаралық талқылаулар жүргізу айтылған болатын.

Мәскеудегі баспасөз-мәслихатында Франция президенті Н. Саркози Ресей президентінің шешіміне қуаттау білдірді.
Ол сондай-ақ алдағы уақытта жікшіл аймақтардағы бітімгершілік күштері қатарына ЕуроОдақ жасақтары да қосылуы мүмкін дегенді айтты.
Тбилисидің орталығы, 12 тамыз, 2008 жыл

Кеше Тбилисидің орталығында Ресейдің күш танытқанына қарсы мыңдаған адам қатысқан шеру болды. Оған бірқатар елдердің жетекшілері де қатысты, жиналғандар алдында сөз сөйлегендер қатарында Украина президенті Виктор Ющенко, Польша басшысы Лех Качински болды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Грузияда қақтығыстардың тоқтатылғанын құптап қарсы алып, енді Америка Грузияның қайта қалпына келтірілуіне қалай көмектесу мүмкіндіктерін қарастыруда деді.
Грузияға жан-жақтан гуманитарлық көмектер де ағыла бастады.
БҰҰ-ы жіберген алғашқы көмек жүгі сейсенбі күні таңертең келіп жеткен болатын. İзгілік көмек жүктері Германия мен Франциядан да жөнелтілді.
Грузия мен Оңтүстік Осетия аймағында зардап шеккендерге Қазақстан да өзінің ізгілік көмек қолын созбақшы.
Азаттық радиосының Кавказ аймағындағы тілшісі бүгін Қап тауының қос қапталында да қақтығыстар мен шабуылдардың құрбаны болғандарды жерлеу рәсімдері өтуде деп хабарлайды.
XS
SM
MD
LG