Accessibility links

Түркімен әуе компаниясын "ең нашар" деп таныды


Turkmenistan Airlines компаниясының ұшағы. Көрнекі сурет.

Turkmenistan Airlines компаниясының ұшағы. Көрнекі сурет.

Business Insider интернет журналы әуе компанияларының қызметін бағалайтын Skytrax жеке консалтингтік компаниясының дерегіне сүйене отырып, әлемдегі "ең нашар" әуе компанияларының тізімін жасады.

Eurasia View басылымында мамырдың 24-і күні жарық көрген Мұрат Садықовтың мақаласында ТМД елдерінің әуе қызметі тізімнің соңында орналасқаны айтылады.

«Орталық Азия елдері әдетте кез-келген тізімнің төменгі жағында тұрады» деп бастаған автор жаңа рейтинг те осы әдеттен жаңылмағанын айтады.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТІЗІМНІҢ СОҢЫНДА

Business Insider журналы эконом-класс санатында қызмет көрсететін әуе көліктерін «отыруға ыңғайлылығы, кабина ішінде көңіл көтеру шаралары, салонның тазалығы мен жағдайы, тағам мен қызмет көрсету сапасы» деген санаттар бойынша зерттеген.

Журналдың Skytrax компаниясының зерттеуіне сүйенгенін жазған автор, «әуе компанияларын әр санат бойынша 100 балдық шамамен бағалап, орташа есебін шығарғанын» айтады.
ЕҢ НАШАР ӘУЕ КОМПАНИЯЛАР

1. Түркіменстан әуе жолдары – 30,8 балл
2. Sudan Airways – 33,3 балл
3. Ukraine International Airlines – 36,3 балл
4. Өзбекстан әуе жолдары – 37,5 балл
5. Air Koryo (Солтүстік Корея) – 39,2 балл
6. Bulgaria Air – 41,8 балл
7. "Россия" әуе компаниясы – 42,7 балл
8. Iceland Express – 42,8 балл
9. Tajik Air – 43,3 балл
10.Syrian Air – 44,8 балл

Дерек көзі: Business Insider

Журнал Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ұшақтарын «ұшуға ең қолайсыз» деп бағалапты.

Түркіменстандық Turkmenistan Airlines компаниясы - эконом-класс ұшақтардың тізімінде ең нашарларының бірі. Business Insider дерегі ​бойынша, бұл компания 100 ұпайдың 30,8-ін ғана жинаған. Бұл әуе компаниясының қызметін пайдаланған жолаушылар стюардессалардың қызметі мен тіркеу кезіндегі мәселелер, салондағы қауіпсіздік сияқты кемшіліктерді атапты. «Мүмкін, оларға әр каютаның алдында тесірейіп қарап тұрған президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтың суреті әсер еткен шығар» деп мысқылдайды автор.

Нашарлардың тізімінде төртінші орынды өзбекстандық Uzbekistan Airways иеленген. Ол 37,5 балл жинап, «компания қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы» жағынан артта қалған. Ұшақ тарихындағы апатты жағдайлар да оның ұпайын азайтқан.

Тәжікстандық Tajik Air әуе компаниясын нашар әуе компанияларының тізімінде Кестеде Tajik Air компаниясының ұшақтары ұшпай қалғаны жазылған.

Кестеде Tajik Air компаниясының ұшақтары ұшпай қалғаны жазылған.

тоғызыншы (43,3 ұпай) орында тұр. Business Insider журналы елдегі азаматтық соғыс кезінде бұл компания бірнеше адамның қазасына себепкер болған апатты оқиғаны ескертеді. «Ал сапарды аяқ астынан өзгерту мен билет сатудағы түсініксіз жайттар оған себеп емес пе?» деп сұрайды автор.

Автордың пікірінше, «журнал мен Skytrax рейтингке қатысқан әуекомпаниялары туралы деректі аз береді, әйтпесе Орталық Азияның тұрақты жолаушылары жауапсыз әуе компаниялары неге тізімде жоқ деп сұрар еді».

AIR ASTANA ETIHAD ПЕН LUFTHANSA-ДАН ОЗДЫ

Eurasia View басылымындағы мақала авторы Орталық Азия елінде жағдайдың соншалықты мүшкіл емес екенін айтып, оқырманды жұбатады.

«Қазақстандық Air Astana (негізгі акционерлер - Қазақстан мен Британия) – тізімнің басынан орын алған жалғыз пост-советтік әуе компаниясы. Журнал қазақстандық әуе компаниясын 18-орынға қойып, ұшу кезіндегі қызмет сапасына 74 ұпай, ал уақытында қызмет көрсетуіне 82 ұпай берді. Солайша Air Astana әлемдік Etihad және Lufthansa әуе компанияларын басып озды».

Мақала авторы жолаушылардың таңдау жасау мүмкіндігі аз екеніне өкініш білдіреді.

Аталған материал жарияланған сәтте Turkmenistan Airways, Uzbekistan Airways және Tajik Air компаниялары қандай да бір реакция танытқан жоқ.
XS
SM
MD
LG