Accessibility links

Кәрімов пен Назарбаевтың парламенттік-президенттік басқару үлгісі


Оңнан солға: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.
Оңнан солға: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.

Көрші Өзбекстанда президент пен парламент арасындағы шынайы билік бөлінісі туралы айтылмайды. Есесіне, Нұрсұлтан Назарбаев әрі партия төрағасы, әрі Ұлт көшбасшысы, әрі президент ретінде Қазақстанды шексіз басқарып келеді дейді сарапшылар.


Орталық Азиядағы бес елдің арасынан Қырғызстан бірінші болып мемлекет басқарудың парламенттік-президенттік әдісіне көшті. Өзбекстан болса, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап суперпрезиденттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға көшетіні туралы уәде беріп отыр. Елдегі екі палаталы парламентке президент билігінің біршама бөлігі берілмек. Парламент үкіметті жасақтап, оның жұмысын қадағалайтын болады.

Мұндай өзгеріс Өзбекстан конституциясына 2010 жылы енгізілгенімен, әлі күнге дейін іске қосылмаған болатын. Енді бұл өзгеріс 2012 жылы жүзеге аспақшы. Қазақстан билігі де, мемлекеттік басқарудың парламенттік-президенттік түріне «болашақта көшетіні» туралы айта бастады. Бірақ, әзірге, бұл тек сөз жүзінде ғана.

Қырғызстанның парламенттік-президенттк басқару әдісіне көшуіне – 2005 және 2010 жылдары осы елдегі екі төңкеріс, бірінен соң бірі – екі бірдей президенттің тақтан кетуі себеп болса, Кәрімов пен Назарбаевты мұндай реформаға мәжбүрлеп отырған нәрсе мүлде басқа.

ӨЗГЕРІСТІҢ КӘРІМОВКЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ПА?

Өзбекстан Конституциясына 2010 жылдың қарашасы мен 2011 жылдың 5 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге қарап, бұл ел парламентаризмге қарқынды түрде бет алып келе жатқандай сезіледі.

Бірақ, бүгінгі күні Францияда тұрып жатқан тәуелсіз саясаттанушы
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов. Ташкент, 8 желтоқсан 2011 ж.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов. Ташкент, 8 желтоқсан 2011 ж.
Камолоддин Раббимовтың айтуынша, шын мәнінде олай емес. Ол Өзбекстанда реформа жүріп жатқанын жоққа шығармағанымен, нақты іске келгенде елде парламент пен президент өклеттілігін бөлісу туралы сөз болуы мүмкін емес деп есептейді. Дәл бүгін Өзбекстанда өзгерістер келер ұрпақ үшін жасалып жатыр, ал Кәрімов пен оның билігіне мұның қатысы жоқ дейді сарапшы.

Оның айтуынша, Кәрімов өкілеттілікті емес, бар болғаны функцияларды бөлісіп отыр. Саясаттанушы Раббимов президент Кәрімовтің 2014 жылға дейін билік басынан кетпейтініне сенімді. Денсаулығы сыр бермесе, ол өзінің билігін одан әрі жалғастыратын болады дейді саясаттанушы.

НАЗАРБАЕВ ЖҮЙЕСІ

Қазақстанның болашақта парламенттік-президенттік басқару моделіне көшетіні туралы пікірге елдегі саясаттанушалыр үлкен күмәнмен қарайды.

– Саяси жүйе президенттік-парламенттік немесе президенттік-парламенттік деп атауын өзгертсе, онда тұрған ешнәрсе жоқ, – дейді «Эксперт Казахстана» журналының сарапшысы Николай Кузьмин. – Бұл бәрібір елдегі саяси билікті Назарбаевтың қолына жұмылдыру болып
«Эксперт Казахстана» журналының саяси сарапшысы Николай Кузьмин.
«Эксперт Казахстана» журналының саяси сарапшысы Николай Кузьмин.
табылады. Оның үстіне, заң органдарына қарағанда үкімет пен атқарушы билік органдарының басымдылығы күшейеді деген сөз.

Сарапшы қазір Қазақстан билігі үшін парламентті емес, президенттік «Нұр Отан» партиясын қайткенде күшейтуді қолға алу – басты мәселе болып тұрғанын да айтады.

«Нұрсұлтан Назарбаев елді президент ретінде, «Нұр Отан» партиясының жетекшісі ретінде, Ұлт жетекшісі ретінде басқара алатын саяси жүйе құрып алды» дейді ол.

– Өзінің саяси билігі үшін мұның қайсысы қолайлы боларын, қайсысын таңдап аларын оның өзі шешеді және мұның өзге бір шарттары болуы мүмкін.

«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова Қазақстанның Конституциясына сүйене отырып, онда «суперпрезиденттік билік» деген ұғымның жоқ екенін айтады. Ол ата заңда президенттік басқару туралы атап көрсетілгеніне көңіл аудара отырып, конституция бойынша сот, заң мекемелері, атқарушы органдар мен билік арасында тепе-теңдіктің сақталуы туралы айтылғанын атап көрсетеді.

«Бірақ іс жүзінде мұндай тепе-теңдік сақталмаған» дейді Зәуреш Батталова. Оның пікірінше, парламенттің өкілеттілігі жеткілікті емес, ол
«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова.
«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» жетекшісі Зәуреш Батталова.
бар болғаны президент әкімшілігінің құқық жөніндегі бөлімі ғана болып отыр.

Егер, Қазақстан шын мәнінде парламенттік-президенттік басқару жүйесіне өтетін болса, ол тек бір мақсат үшін жүзеге асуы мүмкін. Қазақстанның тұңғыш президенті туралы заңға сәйкес, Назарбаев өзінің президенттік өкілеттілігін аяқтаған күннен бастап өмір бойы сенатор болуға мүмкіндігі бар.

– Мен, «біздің билік, президентті мәңгілік сенат мүшесі тағына ауыстырып, назарбаевтық билікті жалғастыра беруді көксеп отырған жоқ па екен?» деген ойдамын, – дейді парламент сенатының бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова.

НӘРІКБАЕВТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ

Нұрсұлтан Назарбаевтың досы, «Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев бұл туралы басқаша көзқараста. Ол «күні кеше билігі құлаған араб елдерінің басшыларына қарағанда Назарбаев алысты көздейтін дана, ақылды шешім жасайды» деген ойда. Оның пікірінше, осы парламент
«Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев.
«Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев.
сайлауы өткен соң, билік елде қандай да бір қантөгіссіз, қиындықсыз, тыныш жағдайда келесі, жаңа буынға өтетін болады.

Бірақ, Мақсұт Нәрікбаев егер сайлау әділ, ашық өтетін болса, парламентке атқарушы органдар ойлайтындай, «Нұр Отан» мен «Ақ жол» партиялары ғана емес, бірнеше партия келуі мүмкін екендігін айтады. «Міне, осы кезде биліктің не көксейтіні байқалатын болады» дейді ол.

– Мен біздің президент алыс-жақын шетеледердегі басшыларға қарағанда, ақылды, дана шешім табады деген ойдамын, – дейді Мақсұт Нәрікбаев.

«Азат Еуропа»/ «Азаттық» радиосы Қазақ редакциясының осы тақырыпқа өткізген дөңгелек үстел басындағы әңгіменің толық аудиожазбасын орыс тілінде мына жерден тыңдауға болады.
XS
SM
MD
LG