Accessibility links

Рогун – Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық талас-тартыстардың айнасы


Рогун су электр стансасы құрылысы. Тәжікстан, 23 ақпан 2010 жыл.
Рогун су электр стансасы құрылысы. Тәжікстан, 23 ақпан 2010 жыл.

Су – кез-келген елде өмірдің стратегиялық қайнар көзі. Алайда өздерінің авторитарлық тәртіптерін нығайту қамымен жүрген Орталық Азия басшылары аймақтағы проблемаларды шешуге мұршалары келмейді.


Су Орталық Азия үшін маңызды энергетикалық шикізат болғалы қашан. Арал теңізі бассейніне құятын тұщы судың 80 пайыздан астамы – Қырғызстан мен Тәжікстанда. Осы екі таулы ел су қорлары есебінен электр энергиясын өндіруге талпынатындары түсінікті.

СУҒА ТАЛАС

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі сайтының мәлімдеуінше, бұл ел Сырдария өзеніндегі судың 7 пайызын, Әмударияның 15,2 пайызын алады. Қырғызстан – сәйкесінше 0,5 және 0,3 пайызын пайдаланады. «Қалғанының бәрі Орталық Азияның басқа елдерінің қажеттіліктерін өтеуге жұмсалады» деп сендіреді Тәжікстан үкіметі.

Рогун су қоймасы мен Рогун cу электр станциясы (СЭС) құрылысы төңірегіндегі қазіргі дау-дамай табиғат байлықтарын реттеуге байланысты бұрынғы совет заманындағы аудандық қарама-қайшылықтардан «мұраға» қалған. Талас-тартыс халықаралық деңгейге көтерілді. Дүниежүзілік банк техникалық-экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ықпалды бағалауға бағытталған екі бірдей зерттеу жұмысының дайындалуына септігін тигізіп жатыр.

Жыл басында Тәжікстан үкіметі, Дүниежүзілік банк және атқарушы фирмалардың арасында аталмыш зерттеулерге қатысты келісім-шартқа қол қойылды. Ал бағалау көрсеткіштері шамамен бір жарым жылдан кейін дайын болмақ.

«Бағалау зерттеулері Рогун СЭС-інің құрылысы жайлы мәселені шешуге арналмаған. Ұсынылып отырған Рогун СЭС жобасының болашағы жайлы мәселені шешу үшін бірқатар басқа да факторларды ескеру керек.
Рогун СЭС Вахш өзенінің аңғарына салынады. Тәжікстан, 2009 жыл.

Олар – халықаралық бітімдер және қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіншілігі» деп, Дүниежүзілік банктің мәліметін дәйек етеді Озоди радиосы.

«РОГУННЫҢ» ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Рогун СЭС теңдесі жоқ бөгетке айналмақ. Су бөгетінің биіктігі 335 метрге жетуге тиіс, әрі ол таудың 1300 метр биіктігінде салынады. Бөгеттің бір ерекшелігі бар: электр станциясы тектоникалық опырылу аймағында, тасты тұзға бай, опырмалы және сынғақ жынысты таулы жерде тұрғызылады.

«Жер сілкіністерінің күші бұл жерде Рихтер шкаласы бойынша тоғыз балға дейін жетіп отырады» дейді кейбір мамандар. Кеңестік жобалаушылар сол кезде-ақ жоспарланып қойған СЭС-тің сейсмикалық тұрақтылығы үшін, де тасты тұздың қабатын шайып кетуден сақтау үшін құрылыс барысында қолданылмақ арнайы шараларды жоспарлап қойған.

Алайда осы ауданда күшті жер сілкінісі болса, бөгеттің қирауынан бүтін бір аймаққа зор көлемді апат төніп, экологиялық тұрғыдан қауіп тудыруы мүмкін дейді жобаны сынаушылар.

Тағы бір тұжырым бар: Рогун су қоймасын толтыру әсіресе Хорезм облысы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан және Түркіменстанның Дашогуз облысында Амудария сағасын пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Су тапшылығы бұл аймақтардың ауыл шаруашылығына зардабын тигізеді» дейді сыншылар. Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің «Амудариядан бір тамшы су алуға рұқсат бермейміз» деп, Тәжікстанға қоқан-лоқы көрсеткенін Азаттық радиосы жазған.

Ресми Душанбе «Орталық Азиядағы су қорларын басқару проблемалары Рогун жобасына дейін де болған» деп, «жоқ жерден шу шығып отырғанын» айтады. Тәжікстан – әлемдегі ең кедей мемлекеттерінің бірі. Әлемдік қауымдастық жыл сайын бұл мемлекетке қаржылай қолдау көрсетіп, оған қоса дәрі-дәрмек, киім-кешек, азық-түлік пен миллиондаған долларға татитын жанармай түрінде гуманитарлық көмек беріп отырады. Донор елдердің тізімінде Қазақстан мен Түркіменстан да бар.

Тәжікстан Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінен тысқары жатыр. Қыс мезгілінде электр энергиясының тапшылығы тұтынылған жалпы көлемнің 30 пайызға жуығын құрайды. Бұл Тәжікстанның онсыз
Тәжіктің мемлекеттік «Барки Точик» акционерлік холдингінің басшысы Журабек Нурмахматов (оң жақта) Рогун СЭС жобасын көрсетіп тұр. Тәжікстан, 29 қазан 2002 жыл.

да мәз емес жағдайын одан сайын қиындатады. Тәжік өкіметі электр энергиясының тапшылығы мәселесін Рогун СЭС-ін салу арқылы шешуге болады деп санайды.

КІМГЕ ҚАНША СУ КЕРЕК?

Тағы бір маңызды фактор – совет «гигантоманиясы» кезінде белең ала бастаған суды жөнсіз мақсатта пайдалану. СССР-дің мемлекеттік жоспарына жауаптылар Түркменстан мен Өзбекстан суды тұтынудың бекітілген шамасын 50 пайызға, Қазақстан мен Қырғызстан – 22 пайызға, Тәжікстан – 15 пайызға асыра пайдаланатынын атап өткен.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі сайтының мәліметіне сенсек, адам басына шаққандағы су көлемінің бір жылдық орташа көрсеткіші Түркіменстанда – 4044 текше метр, Өзбекстанда – 2596 текше метр, Қазақстанда – 1943 текше метр, Тәжікстанда – 1843 текше метр, Қырғызстанда – 1371 текше метр.

Сөйте тұра Хорезм облысының, Қарақалпақстан және Дашогуз облыстарының тұрғындары ауыз судың орнына мақталы алқаптарды суаруға қолданылған Әмударияның суын тұтынады.

Су қорларына деген ысырапшыл көзқарас мамандарды уайымға салып отыр. Кейде ақылға қонымсыз істер де жасалады. Түркіменстан Қарақұм шөлінде жыл сайын көлемі 10 текше километрге жететін дренажды сумен толтырып отыруға негізделген көл салды. Шектен тыс көп суатқыштары бар шөл даладағы бұл мемлекеттің астанасы – Ашғабаттың ел аузында жүргеніне көп болды. Одан қалды, ресми Ашғабат «ел тұрғындарына су тегін» деп, шартарапқа жар салып жүр.

Жылдың суық мезгілінде Қырғызстан мен Тәжікстандағы электр энергиясы тапшылығын өтеу үшін және осы екі елдегі гидроэлектростанция салуға деген қажеттілікті жою үшін Орталық Азия аумағында атом электростанциясын салу ұсынысы да айтылады. Мұны жақтаушылар «бөгеттің тесілуіне қарағанда АЭС-те апат болу ықтималдығы анағұрлым төмен» дегенді айтады.

Айтпақшы, жуырда Жапонияның «Фукусима» АЭС-інде цунами кесірінен болған апаттан соң ешбір мүдделі тарап «Орталық Азияның сейсмикалық жағынан қауіпті мемлекеттерінде атом электростанциясын тұрғызу керек» деген ұсыныстарын қайта қозғаған жоқ. «Фукусимадағы» апаттан соң АЭС салу туралы бастаманың Қазақстандағы жақтастары да басылып қалды.
XS
SM
MD
LG