Accessibility links

Ресей Ауғанстаннан шығатын Батыс қаруы Орталық Азияда қалады деп алаңдайды


АҚШ жаяу әскері қару-жарағын шешіп тұр. Гильменд, 2 маусым 2012 жыл

АҚШ жаяу әскері қару-жарағын шешіп тұр. Гильменд, 2 маусым 2012 жыл

Jamestown қоры маусымның 25-і күні АҚШ-тың Орталық Азия елдерінде әскери базалар құру турасында «жасырын келіссөздер жасағаны» жайлы мақала басты. Сарапшылар Ресей үкіметі Батыстың бұл қимыл-әрекетіне қатты алаңдап отыр деп жазады.

Jamestown («Джеймстаун») қорының жазуынша, 2014 жылы НАТО әскерінің Ауғанстаннан шығатынына байланысты Вашингтон мен кейбір Орталық Азия елдері арасында «НАТО-ның Ауғанстанда пайдаланған әскери қару-жарақ арсеналдарын осы аймақтағы елдерге таратып беру» жөнінде жаңа келіссөз басталған. Jamestown «дәл осы мәселе бойынша Мәскеу тарапы қатты алаңдап отыр» деп жазады.

Ресей үкіметі Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қарулы күштеріне мұндай қару-жарақ қондырғыларын тегін тарату - «Солтүстік қамтамасыз ету дәлізін» пайдалану келісімінде қаралмағанын ескертеді. Кремль «мұндай әрекет 2014-ші жылдан соң Ресейдің Орталық Азиядағы стратегиялық тепе-теңдігін бұзады» деп қауіптенеді. Ал Ресей дипломаттары «Батыстың бұл әрекеті түбегейлі теріс» деп санайды. Олар бұл оқиға «осы аймақта онсыз да теке-тірес жағдайында тұрған Ресей-АҚШ қарым-қатынасының нашарлай түсуіне әкеп соғады» деп санайды.

Алайда сарапшылар дәл қазір өз халқының наразылығына ұшырап отырған Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-пен бетпе-бет келу арқылы құлдыраған беделін қайтадан көтеру үшін өз мүддесіне пайдалануы мүмкін деп болжайды.
Ауған-пәкістан шекарасындағы НАТО көліктері тиелген жүк машинасы. Торхам, 28 қараша 2011 жыл

Ауған-пәкістан шекарасындағы НАТО көліктері тиелген жүк машинасы. Торхам, 28 қараша 2011 жыл


Қордың келтірген дерегі бойынша соңғы айларда АҚШ пен Ұлыбритания Орталық Азия елдерімен кері қайту жоспарын қызу талқылап жатыр. Лондон мен Бішкек келіссөзінде Қырғызстан үкіметі әскери техникаларды Қырғызстанның қарулы күштеріне тегін беру жайлы ұсыныс тастаған. Jamestown-ға сұхбат берген ұлыбританиялық өкілдердің айтуынша, Лондон Бішкекке оның көрішілерінде жоқ қару-жарақты тегін беруге мүдделі болмаған. Мақалада АҚШ үкіметінің де осындай пікірде болғаны айтылады.

Мақала авторы ресейлік «Коммерсант» басылымына сілтеме жасай отырып, Вашингтонның Бішкек, Душанбе және Ташкентпен Ауғанстандағы қару-жарақ құралдарын екі жақты келісімнің негізінде осы елдерде сақтау жайында келіссөз бастағанын Мәскеу біліп қойған деп жазады. «Коммерсантқа» сұхбат берген ресейлік дипломат бұл әрекеттің бәрін Ресеймен ақылдаспай, оның көзін ала бере жасаған жоспар деп танитындығын мәлімдеген.

Мәскеу бұл әскери арсеналдардың бәрін бұл елдерге АҚШ тегін бермеші деп санайды. Автор мақалада осы әскери техникалардың құрамына кіретін барлық жабдықтарды санамалай келіп, олардың арасында медициналық және байланыс құралдарынан бөлек көшпелі спорт залдар, тағы басқа әскерилердің күнделікті тіршілігіне қажетті жабдықтардың барын да нақтылаған. Мақала авторының пайымдауынша, Ресей басылымы Вашингтонның бұл әрекетін сан саққа жүгірткен. Соның бір себебі – 2014 жылы НАТО әскері кеткен соң бұл әскери жабдықтар Талибанның қолына түспеу үшін де осылайша жасалып жатыр деген де пікір бар.
Сергей Рябков, Ресейдің сыртқы істер вице-министрі. Нью-Йорк, 16 қаңтар 2010 жыл

Сергей Рябков, Ресейдің сыртқы істер вице-министрі. Нью-Йорк, 16 қаңтар 2010 жыл


АҚШ жоспарына қарсы тұруға тағы бір себеп – ТМД елдері 2011 жылы Мәскеуде өткен саммитте «одақтас елдер шетелдік әскери базалардың осы аймаққа орналасуын өз арамызда алдын-ала талқылаймыз» деп келіскен.

Мақала авторы Мәскеудің осы проблемаға орай қатты алаңдауына қатысты өз пайымын білдірген. Ресей үкіметі Орталық Азияға АҚШ базалары орнықса, аймақта бұрыннан қалыптасқан қауіпсіздік жүйесіне нұқсан келеді деп қауіптенеді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 2014 жылы НАТО әскері Ауғанстаннан кеткен соң да Орталық Азия елдерінде АҚШ әскери базаларының сақталып қалуына мүдделі әрекеттерін сынаған. Ол маусымның 15-і күні ресейлік басылымдарға «Ауғанстаннан НАТО әскері кеткен соң да АҚШ әскерінің Орталық Азияда қалып қоюға әрекеттеніп жатқаны бізді қатты алаңдатады. Егер қауіпсіздік қатысты жауапкершілік болашақта Ауғанстан үкіметінің өзіне жүктелетін болса, АҚШ әскери базасының бұл аймақта не себепті сақталуы керектігі біз үшін түсініксіз» деп мәлімдеген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG