Accessibility links

Бақылаушылар өзбек алқаптарындағы жағдайды тексермек


Мақта алқабында жұмыс істеп жүрген өзбек қызы. Қыркүйек, 2010 жыл.

Мақта алқабында жұмыс істеп жүрген өзбек қызы. Қыркүйек, 2010 жыл.

Өзбекстан билігі халықаралық бақылаушылардың елдегі мақта жинау науқанын тексеруіне рұқсат берді. Кейбір сарапшылар олардың шынайы ақпарат алуына кедергі жасалуы мүмкін дейді.

Өзбекстанның елдегі мақта жинау науқанын қадағалауға шетелдік бақылаушыларды кіргізуі – бұрын-соңды болмаған жағдай. Ең алдымен балаларды мақта теруге күштеп жегу фактілерін анықтауды мақсат тұтқан Халықаралық Еңбек ұйымының (ХЕҰ) бақылаушылар миссиясы осы айда Ташкентке келіп, қарашаға дейін елдегі мақталы аймақтардың барлығын аралап көрмек.

Өзбекстанға мақта жинау науқаны кезінде мәжбүрлеу шараларын қолданып, мемлекеттік мекемедегі қызметкерлерін, оқушылар мен студенттерді еңбекке жегеді деген айып тағылып келе жатқалы біраз болды. Бақылаушылар осы жайттардың рас әлде өтірік екенін өздері таразыламақ.

Бақылаушылар өзбек жеріне келмей жатып-ақ осы бастаманы көтерген ұйым ел басшылығының шетелдіктердің қасына өз адамдардын қосып қою жоспарын сынға алды. Азаттық радиосының Өзбек қызметіне билік өкілдерінің бақылаушылармен кездесетін мақташыларға қалай сөйлеу керектігі жөнінде нұсқау беріп жатқаны туралы бірнеше ақпарат жетті.

ӨТІРІК АЙТУҒА МӘЖБҮРЛЕУ

«Студенттерге: «Шетелдік бақылаушылар сұрақтардың тізімін алып келеді. Сендер ол сұрақтарға біз айтқандай етіп жауап берулерің керек. Біз өз үкіметімізге көмектесу үшін, елдің экономикасын көтеру үшін өз еркімізбен талмай жұмыс істеп жатырмыз» деулерің керек» деген нұсқау берілді» деп жазады Шохрух есімді студент WhatsApp мобильді хабарлама тарату қызметіне жазған хатында. Шохрухтың сөзіне сенсек, ол қазір Өзбекстанның орталығындағы Жызақ облысының Дустлиқ ауданында мақта жинап жүр екен.

Азаттықтың Өзбек қызметіне келген және бір хабарламада кейбір студенттерге «мақта жинау науқаны туралы ешқашан ештеңе естіген емеспін» деген Егіс алқабында мақта жинап жүрген жастар. 20 қыркүйек 2013 жыл.

Егіс алқабында мақта жинап жүрген жастар. 20 қыркүйек 2013 жыл.

мазмұндағы түсініктеме жазуға тапсырма берілгені айтылады. Бұл ақпарды жіберген кісі өзінің атын атамауды сұрады әрі кәмелеттік жасқа толмаған туған інісі қазіргі уақытта елдің солтүстік-шығысындағы Ташкент облысында мақта жинап жатқанын айтты.

«Барлық студенттерге «өмірімізде ешқашан мақта жинап көрген емеспіз, тіпті біздің жасы үлкен аға-әпкелеріміз де мұндай науқанға күштеп қатыстырылды дегенді естімеппіз, тек Совет одағы заманында кейбір туыстарымыз мақта жинауға қатысыпты дегенді үлкендерден естиміз» деген мазмұнда түсініктеме жазуға тапсырма берілді», деп жазады әлгі кісі.

«ҚҰРМЕТІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ»

Азаттық радиосына келіп түскен бір әуесқой бейнетаспада студент бала осыған ұқсас әңгіме айтады. Өзін Әндіжан облысы Олтинкул ауданының тұрғынымын Ташкент облысындағы алқапта мақта жинап жүрген бала. Қыркүйек 2010 жыл.

Ташкент облысындағы алқапта мақта жинап жүрген бала. Қыркүйек 2010 жыл.

деп таныстырған ол мұғалімдер «мақта жинауға қатысу – әркімнің өз қалауымен істелетін шаруа» деп айтыңдар» деген нұсқау беріп жатыр дейді.

Студент: «Біз ел алдындағы міндетімізді орындап жатырмыз. Бұл – бізге бүкіл жағдайды жасап, барлық мүмкіндіктікті берген мемлекетке деген құрметіміздің белгісі» деп жаттатқызып қойған сөздерді қайталайды.

Бұл хабарламалардың барлығы Өзбекстанда тіркелген ұялы телефон нөмірлерінен жіберілгеніне қарамастан, Азаттық радиосының өзбек қызметі ақпараттың шынайылығын растап, хат жіберушілердің аты-жөндерін анықтай алмады.

«МАҚСАТ - ЖАН-ЖАҚТЫ МАҒЛҰМАТ АЛУ»

Осы айдың басында Өзбекстандағы мәжбүрлеп мақта жинату дәстүрін түбірімен жоюды көздейтін «Мақта науқаны» (Cotton Campaign) халықаралық коалициясы бақылау процесі кезінде өзбек үкіметі өкілдерінің бірге еріп жүруі «Өзбекстан азаматтары мен ХЕҰ бақылаушыларының арасындағы диалогқа кедергі келтіреді» деп мәлімдеді.

Соған қарамастан, «Мақта науқаны» ұйымының үйлестірушісі Мэтью Мақта салынған қос қапты арқалап келе жатқан бала. 18 қыркүйек 2013 жыл.

Мақта салынған қос қапты арқалап келе жатқан бала. 18 қыркүйек 2013 жыл.

Фишер-Дэли бақылаушылардың жан-жақты мағлұматты көптеп жинап қайтатынына сенімді:

«ХЕҰ инспекторлары үкіметтің айт деген сөзін айтып беретін жағдайларды, бұдан да басқа осыған ұқсас жайттарды көп кезіктірген. Соған қарамастан, науқан барысында жергілікті жерде нақты не болып жатқаны Халықаралық еңбек ұйымына жететіні анық».

ХЕҰ Өзбекстандағы миссиясы барысында бұл елге бақылаушылардың сегіз тобын жіберуді жоспарлап отыр. Олар мақта шаруашылығымен айналысатын барлық аудандарды аралап көрмек. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бақылау процесі Өзбекстан басшылығымен және кәсіподақтармен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Өзбекстан мақта өндіру жөнінен әлемде алтыншы орын алады. Ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда бұл елде «жылына 3,35 миллион тонна ақ алтын жиналады».

Материалды дайындауға Фаррух Юсупов, Фарангиз Наджибулла және Мұхтар Екей қатысты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG