Accessibility links

Орталық Азиядағы мақтангөйлік жобалары


"Түркіменбашы" Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші. Ашғабат, 22 шілде 2010 жыл.

"Түркіменбашы" Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші. Ашғабат, 22 шілде 2010 жыл.

Әлемдегі көне әрі әдемі тарихи орындары бар жерлердің бірі Орталық Азия соңғы кездері осы заманғы амбицияға толы құрылыс, ескерткіштерімен де танымал бола бастады.

Өңірдегі авторитарлық билікке ие тұлғаларды ғимараттар мен ескерткіштер арқылы ұлықтау әдетке айналған. Бұл мақалада Тәжікстан, Түркіменстан, Қазақстандағы сондай "мақтангөйлік жобалардың" сегізімен танысасыз.

1) Үлкен шайхана

Әлемдегі ең үлкен ту мен флагштогы бар Тәжікстан енді дүние жүзіндегі ең үлкен шайхананың иесі атанбақ. Eurasianet сайтының мына суретіне қарағанда, шайхана ағаштан өрнектелген, бірнеше күмбезі бар әдемі ғимарат болуы тиіс. Құны шамамен 60 миллион доллар (елдің жалпы ішкі өнімің 1 пайызы) шайхана күзде, Тәжікстанның тәуелсіздік күнінде ашылуы керек.
Тәжікстандағы шайхана.

Тәжікстандағы шайхана.


2) Атқа мінген Бердімұхамедов

Жеке басқа табыну тұрғысынан келгенде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың алдына ешкім түсе алмас. Оның суреті ғимараттар мен кеңсе қабырғаларына, елдегі барлық мектептерге ілінген. "Арқадағ" («Қорғаушы») деген атауды өзіне-өзі тағайындаған Бердімұхаммедов Түркіменстандағы бағалы жылқы тұқымы – ақалтекені ессіз жақсы көреді. Оның ақалтекеге деген махаббатын мәңгілік халық жадында қалдыру үшін атқа мінген Бердімұхаммедовті бір қолына кептер ұстап, қолын сәл алға созған қалпында ақ мәрмардан мүсіндеуден басқа амал қалмаған сияқты.
Гурбангулы Бердімұхамедовтің атқа мінген ескерткіші.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің атқа мінген ескерткіші.


Бірақ Бердімұхаммедовтың шабандоздық қасиеті шамалы тәрізді. Екі ай бұрын мемлекет басшысы бәйгеге қатысқан кезде аттан құлап масқара болды.

3) Душанбедегі кітапхана

Тәжік шенеуніктерінің айтуынша, Душанбедегі 40 миллион доллар жұмсалған бұл ғимарат - Орталық Азиядағы ең ірі кітапхана. 2012 жылы күзде ашылған кезде 10 миллион кітапқа арналған кітапханада ол қордың ширегі ғана болған еді. Сол кезде тәжік азаматтарына "кітаптарыңды осы кітапханаға сыйлаңдар" деген өтініш айтылған. Бірақ бұл кітапханадағы ең танымал бөлім 170 компьютері бар оқу залы екенін ескерсек, кітапхананың әу бастағы мақсатын қаншалықты орындағаны күмәнді.

4) "Түркіменбашының" ескерткіші

Түркіменстанның бұрынғы президенті, "Түркіменбашы" Сапармұрат Ниязов өзіне алтынмен апталған 12 метрлік ескерткіш қойған еді. Бұл ескерткіш күннің бағытымен айналып тұратын. Осы ескерткішті 2010 жылы Ашғабаттың орталығындағы 75 метрлік Бейтараптылық аркасынан алып тастағанымен, 2011 жылы қаланың шетіне апарып орнатты.
Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші.

Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші.


5) Әлемдегі ең ірі флагшток

Тәжікстандағы флагшток әлемдегі ең биік тутұғыр ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ел президенті Эмомали Рахмоновтың салтанат сарайы алдында тұрған бұл флагшток бірер ай бұрын қатты желден жыртылып қалған еді.

Орталық Азиядағы Қазақстаннан басқа елдердің бәрі мемлекеттік ту күнін атап өтеді.

6) Неке сарайы

Түркіменстанда үйленген жастарға қойылар талап көп. Олар ағаш егу, жер сілкінісі құрбандары мемориалына бару сияқты рәсімдерді орындайды. Жас жұбайлар тойын ағайын-туыс, дос-жарандарымен бірге 2011 жылы ашылған неке сарайында - "Той мекенінде" өткізуі керек. Олар некелерін қиғызып, құжаттарына мөр бастыртып, президент Бердімұхамедовтің қас қақпай бағып тұрған фотосы алдында суретке түседі.
Түркіменстандағы "Неке сарайы".

Түркіменстандағы "Неке сарайы".


7) Назарбаевтың алақан таңбасы

Көршілерімен салыстырғанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табыну шарасы онша ауқымды емес. Бірақ оған екі ескерткіш, бір мұражай арналып, университетке аты берілген. Назарбаевтың қоладан жасалған, Голлувид стиліндегі бірнеше қолтаңбасы да бар. Оның бірі Астанадағы Бәйтеректің басында тұр. Жұрт туристер суретке жиі түсіретін қол бедеріне алақандарын басып, тілектерін айтады.
Назарбаевтың "Бәйтеректегі" алақан таңбасы.

Назарбаевтың "Бәйтеректегі" алақан таңбасы.


8) Ұлт сарайы

Тәжікстанда президент кешенінде 64 дорикалық жасанды бағаны бар, неоклассикалық сарай ретінде сипатталатын бақтар мен фонтандар тұр. Бұл ғимаратты салуға 300 миллион доллар жұмсалған. Сарайды салу үшін сол маңда 19-ғасырдан бері тұрған синагоганы қиратқан.

Диана Кьюканың мақаласын ағылшын тілінен аударған - Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG