Accessibility links

Пекинді басқан түтіннен алмас өндірмек


Пекиннің қою түтін басқан осы кварталында CCTV телекомпаниясы ғимараты орналасқан.

Пекиннің қою түтін басқан осы кварталында CCTV телекомпаниясы ғимараты орналасқан.

Голландиялық дизайнер Пекиннің түтін басқан аспанын әлемдегі ең үлкен «шаңсорғышпен» тазаламақ. Егер бәрі ойдағыдай шықса, «жарқыраған нәтиже» боларына сенімді.

Голландиялық дизайнер Даан Розгард (Daan Roosegaarde) бастаған бір топ инженер мен дизайнерлер қауіпсіз әрі қуат үнемдегіш құрылғы жасап жатыр. Ол «түтінді сүзгіде ұстап қалып, таза ауа шығарады» дейді.

Розгардтың сөзінше, ол таза ауа шығаратын алып «шаңсорғыш» сияқты болады.

Сонда Розгардтың «SMOG» жобасы қалай жұмыс істейді дейсіз ғой? Жер астына қойылған жез катушкалар оң зарядты электростатикалық өріс қалыптастырады. Кем дегенде 10 нанометр бөлшек оң заряд алады да, жерге тұйықталады. Бөлшектер осылайша жинақталады.

Құрылғының шағын моделі Роттердам маңында сынақтан өткізілген. Енді Розгардтың тобы осы жылдың ішінде оны ұлғайтуға кіріседі.

Розгардтың айтуынша, ол Қытай билігімен келісімшартқа отырған. Дизайнер «2015 жылы әдбен ластанған Пекиннің қалалық саябағында өнертабыстың прототипін сынақтан өткіземіз» дейді.​

Құрылғының Пекинге арналған нұсқасының диаметрі 50 метр болмақ.

Бірақ Розгард бұнымен тоқтап қалмайтын сияқты. «Жиналған ластағыш заттардан зергерлік бұйым жасаймыз» деп отыр.

Әдеттегі сақиналарға мөлдір тастар орнатылады. Ал ішіне Пекин ауасынан жиналған түтін шөгінділерін толтырады. Қара шаң салынған кубтың ені шамамен 1 миллиметр болады. Бұл – тазартылған 1 шаршы километр ауаның символы болмақ. Бұған қоса, Розгард гауһар тасты сақиналар жасау да ойда барын айтты. Ол гауһарды «ластанған ауа шөгінділерін бағалы тастарға айналдыра алатын баспақтар арқылы жасап шығарамыз» дейді.

Осы жылдың қаңтар айында Бейжің мэрі қолдануға болатын көмір көлемін 2,6 миллион долларға дейін арзандатқан. Ал ауа сапасын жақсартуға осы жылдың ішінде ғана 2,4 миллиард доллар бөлініп отыр. Бұл – ластану мәселесін шешуге салынған күш.

«Синьхуа» мемлекеттік жаңалықтар агенттігі «өткен жылдың 58 күні тым лас болғанын» хабарлады. Бұл – әр аптаның бір күні лас болды дегенді білдіреді.

(Антуан Блуаның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG