Accessibility links

Қытай Тяньаньмэньге журналистерді жолатпайды


Қытайдың БАҚ жайлы қатаң заңдары тұрғанда бұл елде журналист болып қызмет ету - қиынның қиыны. Әсіресе «қырағылық күшейетін» кездерде тілшілерге қысым көбейеді.

Студенттердің Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңына шеруге шығып, үкіметтің оларды қырғанына 25 жыл толады. Сондықтан биыл Қытайға жай ғана «қырағылық күшейтетін» кез емес, «әсіресақтық» кезеңі келген сияқты.

Сол қырғында қаза тапқан жастардың туыстары мен белсенділерге үкімет жыл сайын «сұхбат бермеңдер» деген ескерту жасап отырады. Биыл олардың кейбірі тіпті үйқамаққа алынды.

Биыл Пу Чжицян есімді құқық қорғаушы мен тағы бірнеше адам ширек ғасыр бұрын болған оқиғаны оңаша отырып талқылағандары үшін ғана тұтқындалған. Билік оларды «арандатушылықпен айналысты» деп айыптаған.

Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, соңғы бірнеше аптада полиция көптеген адамды ұстап, үйқамаққа немесе тергеуге алған.

ҚОҚАН-ЛОҚЫ

Билік енді журналистерге де шүйлігіп, «Тяньаньмэнь оқиғасы жайлы репортаж жасағандар қатаң жазаланатынын» ескертті.

Пекиндегі жаңалықтар агенттіктерінің көбіне «Тяньаньмэнь алаңында репортаж Алаңға кіруге рұқсат күтіп тұрған азаматтар. Пекин, 4 маусым 2014 жыл.

Алаңға кіруге рұқсат күтіп тұрған азаматтар. Пекин, 4 маусым 2014 жыл.

жасамау қажеттігі» айтылған. Ал алаңнан аулақ, басқа көшелерде Тяньаньмэнь оқиғасы мен 1989 жылдың 4 маусымы жайлы сұхбат алмақ болған журналистер қатты қысымға ұшырады.

Билік биылғы 25 жылдық кезінде Тяньаньмэнь тақырыбын «аса қауіпті» деп бағалап, ақпарат құралдарында ол жайлы талқыланбауын қатаң бақылап отыр. Бұл мәселені қозғауға тырысқан журналистер қудалана бастады.

Қытай заңдарына сәйкес, тілшінің кез келген адамнан сұхбат алуға құқығы бар. Алайда билік қазір Тяньаньмэнь секілді белгілі орындарға арнайы рұқсат алу керек екенін мәлімдеді.

БИЛІКТІҢ ҮРЕЙІ

Менің Қытайда жұмыс істеп жатқаныма екі жылға таяды. Осы уақыт ішінде бірнеше рет билікпен тоқайласып үлгердім. Алайда Тяньаньмэнь оқиғасының 25 жылдығына байланысты соңғы бірнеше аптадағы Тяньаньмэнь алаңында тұрған наразы жұрт. Пекин, 2 маусым 1989 жыл.

Тяньаньмэнь алаңында тұрған наразы жұрт. Пекин, 2 маусым 1989 жыл.

қатаң шаралар тіпті мені де таңғалдырды. Қытайдың қыруар жетістіктеріне қарамастан, үкімет неге өз азаматтарынан соншалық үрейленеді?

Шынында Қытай басшылығына төнген үлкен қауіп-қатерлер бар шығар. Өткен жылдың қазан айында Тяньаньмэнь алаңында болған оқиғадан бері Пекинде қауіпсіздік шаралары күрт күшейтілді. Ол оқиғаны билік «террористік шабуыл» деп атайды. Пекиндегі мен тұратын көшеде түнгі уақытта Тяньаньмэнь алаңына қарай бара жатқан көліктерді тоқтатып, тексеру әдеттегі көрініске айналған.

Бірақ соңғы бірнеше аптада қауіпсіздік шаралары бұрынғыдан да күшейтілді. Мұны үкімет Куньмин бекетіндегі пышақтау оқиғасы мен Шыңжаңдағы қантөгісті шабуылдарға байланысты шаралар деп түсіндірді. Үкімет ол оқиғаларға қатысы бар азаматтарды «сепаратист бүлікшілер» деп атайды.

ЕСКЕ АЛУ

Маусымның 3-і күні Тяньаньмэнь алаңында 25 жыл бұрынғыдай студенттер мен жасақтар арасы шиеленісе бастады. Мен бұл кезде Тяньаньмэньге апаратын Чаньгань даңғылында велосипедпен кетіп бара жатқанмын.

Жолдың әр қиылысында полиция қызметкерлері тұрды. Қалалық метро есіктерінің бәрінде күзет күшейтілген. Жабылып қалған қала қақпасы алдына Тяньаньмэнь алаңында тұрған полицейлер. Пекин, 3 маусым 2014 жыл.

Тяньаньмэнь алаңында тұрған полицейлер. Пекин, 3 маусым 2014 жыл.

туристер толып кеткен. Барлық жерде «қауіпсіздік тексерістері» жүріп жатты.

Тяньаньмэнь алаңында біраз адам серуендеп жүр екен. Бірақ олардан гөрі полиция қызметкерлері мен рұқсат алған саудагерлер көп көрінді. Мен кеңсеге қайтар жолда тоқтап, "Пекин" қонақ үйіне қарадым. Танкілердің алдынан шығып, оларды тоқтатып тастаған жас жігіттің аңызға айналған әрекеті осы қонақ үйден суретке түсірілген еді.

Батып бара жатқан күн сәулесіне шомылған көліктер мен велосипедтерге қарап тұрып, 25 жыл бұрынғы сол сәт туралы ойладым. Гүрілдеген танкілердің алдында қайыспай тұрып алған сол бір адам қандай сезімде болды екен?

Бұдан бірнеше көше әріректе баспасөз брифингінде сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хун Лэй үкіметтің Тяньаньмэньде болған саяси толқуға қатысты позициясын қайта түсіндіріп жатты. «Үкімет бұл саяси оқиға туралы қорытындысын баяғыда айтып, мәлімдеп қойған. Қытайда қазір диссиденттер жоқ, тек заң бұзушылар ғана бар» деді ол.

(Америка дауысы тілшісі Уильям Айдтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG