Accessibility links

Қытайда ауа ластануы шектен асып кетті


Қытайдағы лас ауадан қорғанған тұрғындар. (Көрнекі сурет)

Қытайдағы лас ауадан қорғанған тұрғындар. (Көрнекі сурет)

Қытайдың көпшілік бөлігін осымен бір аптаға жуық уақыт бойы қалың түтін басып тұр.

25 ақпанда Пекиннің орталығында ауаның ластану деңгейін көрсететін суспензия мөлшері бір текше метріне 444 микрограммды құрап, қалыпты мөлшерден 16 есеге артып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ауа құрамындағы суспензияның қауіпсіз саналатын қалыпты мөлшері бір текше метріне 25 микрограммды құрауы тиіс.

Суспензия құрамындағы лас бөлшектер өкпеге түсіп, соның салдарынан мыңдаған адам ерте қайтыс болады.

Қытай 147 өнеркәсіп жұмысын тоқтататыны немесе жабылатынын хабарлағанына қарамастан елде ауаның сапасы өте нашар күйінде қалып отыр.

Қоғамның ауа сапасына алаңдаушылығын сейілту мақсатында Қытай президенті Си Цзиньпин Пекиннің танымал аудандарының бірінде қорғаныс маскасын кимей-ақ қыдырып жүріп суретке түсті.

Хэбэй провинциясының әкімшілік орталығы Шицзячжуанда Қытайда бірінші рет жергілікті тұрғын биліктің ауаның ластануын тоқтата алмай отырғанын айтып, сотқа шағымданды.
XS
SM
MD
LG