Accessibility links

Қытайдағы қазақты отырықшылыққа көшіріп жатыр


Шыңжаңдағы қазақтар жайлаудан қыстауға көшіп келеді. Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданы, 23 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Шыңжаңдағы қазақтар жайлаудан қыстауға көшіп келеді. Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданы, 23 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдың мемлекеттік CNTV телеарнасы "көшпенді қазақтарды отырықтандыру" процесі жайында арнайы бағдарлама түсірді.

«КЕЙБІР ҚАЗАҚТАР КӨШПЕНДІ ӨМІРДЕН ҚОЛ ҮЗГІСІ КЕЛМЕЙДІ»

«Жайлаудағы көшпенді тұрмысты рақат деп айту қиын. Бірақ кейбір адамдар үшін рақат өмір табиғат аясында екен» дейді телеарна журналисі.

Қытайлық телеарна «Елдің батысындағы Тачэн (Шәуешек) қаласында күні бүгінге дейін көшіп-қонып өмір сүретін этникалық қазақтарды отырықшы өмірге бейімдеп жатыр» деген ақпарат таратқан.

Жергілікті билік өкілдері қазақтарға арнап отырықшы тұрмысқа қажет тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдар салып жатыр. Яғни көшпенді қазақтарды елді мекендерге, тұрғын үйлерге жайғастыру басталған. Телеарна мәліметі бойынша, «әлі де кейбір қазақтар үйреншікті көшпенді өмірден қол үзгісі келмейді».
Қытай қазақтары жайлауға мал айдап барады. Қытай, Шыңжаңдағы Алтай аймағы, 2 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай қазақтары жайлауға мал айдап барады. Қытай, Шыңжаңдағы Алтай аймағы, 2 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)


Бағдарлама авторы «Ежелден көшпенді өмір сүрген қазақтарды билік киіз үйден қазіргі заманғы баспанаға ауысуға үгіттеп жатыр» деп хабарлайды.

Бұл жобаны басқарып, істің басы-қасында жүрген Цибаэрцзиде ауданының партия хатшысы Сю Пинпин:

- Үкімет біздің ауданға тұрғын үй салуды жоспарлады. Біздің міндет - оларды отырықшы өмірге үгіттеу. Таудағы көшпенді тұрмыс ауызсу, электр қуаты деген сияқты өркениет тетіктерін толығымен пайдалануына мүмкіндік бермейді. Жаңа жобаның басты мақсаты - халықты барлық керек-жарақпен қамтамасыз ету, - деп сұқбат берді.

«ОТЫРЫҚШЫ ӨМІР ЕҢ ӘУЕЛІ БАЛАЛАРЫМА ҚАЖЕТ»

CNTV телеарнасының хабарлауынша, «Қазақтар көшпенді тұрмыс мәдениетін алып келіп жатыр. Олардың киіз, кілем, текемет, жастықтары әдемі оюлармен өрнектеліп, Нұрлан Айтқұрман - Шыңжандағы қоныстандыру бағдарламасы бойынша ауылға көшіп келген қазақ. Қытай, қыркүйек айы 2012 жыл. (Скриншот CCTV телеарнасының видеосынан алынған).

Нұрлан Айтқұрман - Шыңжандағы қоныстандыру бағдарламасы бойынша ауылға көшіп келген қазақ. Қытай, қыркүйек айы 2012 жыл. (Скриншот CCTV телеарнасының видеосынан алынған).

кестеленген. Олар кірпіштен салынған жаңа үйлерін жайлаудағы киіз үйге ұқсатып жабдықтап алады».

Сондай қазақтардың бірі Нұрлан Айтқұрман бала-шағасымен былтыр тұрғын үйге көшіп келді. Көшпенді өмір жасы келген кісілер үшін оңай емес. Бастапқыда отырықшы өмірге үйрену қиындау соққанын айтқан Нұрлан ақсақал «мұнда көшіп келгеніне өкінбейді».

- Тауда жүргенде білім алу, медициналық жәрдем алу қиын болатын. Анда-санда ауырып қалғанда 100 шақырым жердегі ауруханаға баруға мәжбүр едік. Ал қазір мұнда клиника да, мектеп те қасыңда тұр. Әлбетте, біз бұрынғы көшпенді өмірді сағынамыз. Бірақ мен үйреніп те қалдым. Отырықшы өмір ең әуелі балаларым мен немерелеріме қажет, - дейді Нұрлан Айтқұрман.

«ТАУҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ»

Журналистің айтуынша, «Бұл жоба ерікті түрде жүзеге асырылады. Қазір жайлы үйде тұрғысы келген көптеген көшпенділер тұрмыс ыңғайын өзгертуге өз Қалия есімді әйел Шыңжандағы қоныстандыру бағдарламасы бойынша ауылға көшіп келген. Қытай, қыркүйек айы 2012 жыл. (Скриншот CCTV телеарнасынан алынған).

Қалия есімді әйел Шыңжандағы қоныстандыру бағдарламасы бойынша ауылға көшіп келген. Қытай, қыркүйек айы 2012 жыл. (Скриншот CCTV телеарнасынан алынған).

еріктерімен келісіп жатыр».

Бірақ жаңа өмірге үйрене алмай жатқан адамдар да бар. Қалия (Ғалия) есімді әйел былтыр көшіп келіп, жаңа үйінде қыстап шықты. Бірақ көктем шығып, күн жыли салысымен малға бола отбасымен бірге жайлауға қайта көшіп кетті. «Тауға деген сағыныш оларды тартады да тұрады» дейді журналист.

- Бұл - біздің дәстүріміз. Бұл жақта жыл сайын мамыр айынан қазан айында дейін жайлаймыз. Таудың шөбі жылқыға керек. Құнарлы шөп жеген жылқының қымызы дәмді, қуатты болады. Бізге жайлауда өмір сүрген ұнайды, - дейді Қалия.

CNTV телеарнасының тілшісі «Жайлаудағы тіршілікті тұрмысқа қолайлы деп айту қиын. Бірақ кейбір адамдар үшін рақат өмір табиғат аясында сияқты» деп ой түйеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG