Accessibility links

Қытайдағы қазақ сайттарына шолу


Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Лондон олимпиадасында алтын медаль алған сәт. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.
Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Лондон олимпиадасында алтын медаль алған сәт. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.
Осы аптада Қытайдағы төте жазумен шығатын қазақ сайттарында көп жазылған екі тақырып – боксшы Қанат Ислам туралы YouTube-те жарияланған «Батырдың көз жасы» атты видео және «спортшы Зүлфия Чиншанло Қытайға қайта оралды» деген хабар.

Сондықтан біз ішінара өзгеше тақырыптарды да қамтыған kultegin.com мен senkazakh.com сайттарына шолу жасадық.

«КҮЛТЕГІННІҢ» ТАҚЫРЫПТАРЫ

Қытайдағы қазақ сайттарында екі спортшы туралы жазылған мақалалар негізінен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәтінмен бірдей. Тек kultegin.com сайты спортшы Зүлфия Чиншанло туралы былай деп жазады:

«Мен ежелден өзімді қытайлықпын деп санап келдім. Зүлфия деген атты Алматыдағы кәріс жаттықтырушы қойды. Мен олардың Зүлфия деп атағанын мүлде ұнатқан емеспін. Жүрегімде болған бір арман – Қытайға барып, өзімнің Джаушан Лин деген есімімді қайта алу болды. Қытайдан кетіп Алматыға барған осы бес жыл ішінде, Қытайды мүлде есімнен шығарған емеспін» деді [Зүлфия Чиншанло]».

Кultegin.com сайтында қазақстандық журналист Айгүл Аханбайқызының «Қазақ
Қытай қазақтарының kultegin.com сайтынан скриншот. (Көрнекі сурет)
Қытай қазақтарының kultegin.com сайтынан скриншот. (Көрнекі сурет)
қаламгерлері неге сұраншақ?» деп аталатын көлемді мақаласы да жарияланған. «Әкімдерден 12 пәтер алған бір жазушыны» айтудан басталған мақала «қазақ жазушылары бақуатты бола тұра, бала-шағалары ірі қызметтерде, бизнесте жүргенімен, мерейтойларын өткізу үшін алақан жайып жүретінін» айтады.

Қытай қазақтарының осы сайтында оқырмандар тарапынан көп талқыға түскен «Қытай экономикасы қатерге тап болды ма?» атты мақала бұған дейін Қазақстандағы сайттардың бірінде жарияланған.

«СЕН – ҚАЗАҚ» САЙТЫНЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ

Ал senkazakh.com-да оқырмандар көп талдаған тақырып – сол елдегі ұйғыр сайттарының бірінде жарияланған Шыңжаң картасы.

«Сен – қазақ» оқырмандары ол картаға Іле өңірі кірмей қалғанына реніш білдіреді.
Бізді бұларға танымайтындай құқықты ешбір әкелері берген жоқ.

«Шыңжаңның картасы» деп қойып, басқаның бәрін жазып, бақандай үш аймағы бар Іле қазақ облысын түсірмеген, алақандай Бұратала мен Қызылсуды қосқанда. Біз Жуңго халық республикасының бір жүйелі автономиялы облысымыз. Бізді бұларға танымайтындай құқықты ешбір әкелері берген жоқ. Былай болғанда біз де Ұйғыр автономиялы өлкесін мойындамауымызға әбден болады» дейді қазақ сайты.

Бұл сайтта көп оқылған тақырыптардың бірі – Әбіләкім есімді азамат туралы
Қазақ боксшысы Қанат Ислам. (YouTube видеосынан алынған скриншот)
Қазақ боксшысы Қанат Ислам. (YouTube видеосынан алынған скриншот)
мақала. Боксшы Қанат Исламның бапкері болған жаттықтырушы кеше 54 жасында дүниеден өткен еді.

«Шыңжаңның, Шыңжаңның ғана емес-ау, Жуңго елінің белді бапкері Әбіләкім бапкер кеше Үрімжіде науқастан қайтыс болды» делінген қаралы хабарда бапкердің атқарған еңбектері айтылған.

«Бапкер осы уақытқа дейін еліне 60-тан аса медаль алып беріпті. Соның ішінде көптен озып, көрнекті нәтиже жаратқандардың ең алдында Қанат жүр» деп жазады senkazakh.com.

Сайт бұл аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы жолдауларында айтылған «патриоттық сезімдегі сөздерін» де теріп алып, «Өзекжарды ойлар» деген атпен жариялаған.
XS
SM
MD
LG