Accessibility links

Қытайдағы қазақ сайттары ашылмай тұр


Ашылмай тұрған сайт парақшасы. (Көрнекі сурет)

Ашылмай тұрған сайт парақшасы. (Көрнекі сурет)

Қытай қазақтары сайттарының ішінде оқырманы көп, апта сайын түрлі тақырыптарды қаузап отыратын kultegin.com сайты бұл аптада ашылмады. Сайт жетекшісі Азаттық тілшісіне «Өткен аптада саяси мақалалар шығып кеткен еді, cоған байланысты тексеріліп жатыр» деп қана жауап берді.

Senkazakh.com сайты апта басында «қазақтардың Қазақстанға көшуінің жаңа әдісі» атты мақала жариялаған болатын. Онда автор «Совет одағы тарағаннан кейін Шыңжаң өлкесінде тұратын әртүрлі аз ұлттар да жеке дербестігін алғысы келгендігін» айта келіп:

– Өйткені бір миллиард үш жүз мың жан саны бар қытай халқы ішіндегі бір жарым миллион қазақтың ендігі тағдыры қалай болатынына көзі жетпейді, күн сайын тоқыраған тілі мен мәдениеті, жасаған ортасының барған сайын тараюы қазақтарды барған сайын абыржыта түсті, бірақ та Қазақстан егемендіі ел болған 20 жылдан бері отанға оралған қазақтардың ішінде қытай қазақтарының елге оралу белсенділігі өзгелерден әлдеқайда төмен, – деп жазған.

Автор оның себебін де атаған. «Көптеген бауырластардың бұл туралы жиған қортындысы мынадай: қазақ елінің заң құрылымы мәселесі, қоғам амандығы, тілдегі тосқындық, мәдениет ортасы, экономикалық жағдайы, ортаға үйлесуі мен қақпай көруі, көші-қон саясатының кемелсіздігі, көші-қон құжаттарын алудың қиындығы қатарлы мәселелер қытай қазақтарының көлемді түрде көшуіне тосқындық етті, тіпті тоқырап қалды. Көптеген қазақтар кезіндегі сияқты көлемді түрде көшіп өтсек қана қытай еліндегі жойқын ассимиляциядан (қытайға сіңу) аман қаламыз деп ойлайды» деп жазған.

Мақалада автор «Тәуелсіз болған жиырма жылда қазақ елі үстемдік құра алмағандығына» өкініш блдіреді.

– Қытай еліндегі бір жарым миллион қазақтың 500 мыңында орнықты қызметі болғандықтан белсенді көше алмауы мүмкін. Ал қалған бір миллион қазақ солтүстіктегі орыстанған өлкелерге топ-тобымен көшіп барса, сондағы қазақтардың үстем санын аз уақыт ішінде жоғарлатуға болады, –- деген еді.

Алайда осы мақаладан кейін бұл сайт та ашылмай қалды.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG